Мекеме басшыларының назарына!

Жыл сайын заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілітіні баршаңызға мәлім. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімі Сізге азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қысқаша түсіндіреді. ««Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы18 наурыздағы № 209 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 15035 болып тіркелді)  6-тармағына сәйкес облыстың, облыстық маңызы бар қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі болып табылатын Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне және 6-1-тармағына сәйкес облыстық маңызы бар қала мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне), демек Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдеріне есеп береді. Есепті Бұрықтың 1-қосымшасына сәйкес тапсырады.
АҚПАРАТ 10 қараша 2017 г. 25 0
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік әдеп нормаларын сақтауда маңызы зор

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік әдеп нормаларын сақтауда маңызы зор

Уақыт өзгеріп, қоғам жанарған сәтте жаңа заманның талаптарына бейімделу кез келген маман иесіне жауапкершілік жүгін жүктейді. Бұл әсіресе мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына тер төгетін мемлекеттік қызметшілерге қойылар талапты екі еселейді.
БИЛІК 10 қараша 2017 г. 51 0
ПАТША АСЫ САНАЛҒАН ТАҒАМ

ПАТША АСЫ САНАЛҒАН ТАҒАМ

Бір замандарда Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картоп гүлін шашына қыстырып жүрген екен. Бұл сол кездегі король сарайы қызметкерлерінің арасында сәнге айналады. Тіпті, король ХVІ Людовик қызметкерлеріне қала маңындағы бақшасына тек осы өсімдікті еккізеді. Онысымен қоймай егістік алқапқа ерекше құрамдағы күзет қойдырған көрінеді. Мұны сырттай бақылаған қарапайым халық патшаның асынан дәм татуға ынтызар болыпты.
ТАНЫМ 10 қараша 2017 г. 124 0
Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаевтың төрағалығымен "Экология заңнамасын қолдануда туындайтын мәселелер" тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді. Іс шараға судьялар, прокурорлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 306 0
«ӨРЛЕУ» ӨРГЕ ӨРЛЕТЕДІ

«ӨРЛЕУ» ӨРГЕ ӨРЛЕТЕДІ

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-адрестік көмектің тиімділігін жақсарту үшін өткен жылы облыста «Өрлеу» қанатқақты жобасы қолға алынған болатын. Жобаға аудандар мен Қызылорда қаласы тұрғындары қамтылып әлеуметтік көмекті келісім негізінде алды.
ҚОҒАМ 10 қараша 2017 г. 86 0
ҚҰРМЕТТІ МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚҰРМЕТТІ МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында өткізген «Рухани жаңғыру және қазақ ұлттық әліпбиі» атты кеңейтілген мәжілісте зиялы қауым өкілдері қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруді «халық көптен күткен тарихи таңдау» деп бағалап, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Журналистер Одағы осыған қатысты Үндеу қабылдады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 115 0
Жазасын ауыстырды

Жазасын ауыстырды

Жалағаш аудандық соты, Жалағаш аудандық пробация қызметінің сот үкімі бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған жазаны Қылмыстық кодекстің тиісті бабының санкциясы шеңберінде бас бостандығына айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 67 0
Май ішкіш маймыл ұсталды (фото, видео)

Май ішкіш маймыл ұсталды (фото, видео)

Үндістандық Панипат қаласының мотоциклшілері бактарындағы бензиннің өздігінен жоқ болып кететінін байқаған. “Жәбірленушілер” бензинді кім ұрлап жүргенін анықтау мақсатында автотұраққа бейнебақылау камерасын орнатқан.Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы жазды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 70 0
Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер И-ден жол-көлік оқиғасынан келген залалды өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 53 0
Назарбаев: Алаш идеясы – ата-бабаның дербес ел болу жолындағы аманатымен ұштасты

Назарбаев: Алаш идеясы – ата-бабаның дербес ел болу жолындағы аманатымен ұштасты

Астанадағы ЭКСПО Конгресс орталығында Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: Алаш және Азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2017 г. 33 0