БІЛІМ ЖӘНЕ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

--- | 07 ноябрь 2013 ж. - 09:17 | Көрудің саны: 1 159
Елбасы тапсырмасындағы білім мен ғылымды дамыту және ақпараттық саланы жандандыру мәселесі бойынша облыстық ішкі саясат және білім басқармалары бірігіп БАҚ өкілдеріне қаладағы білім ошақтарына пресс-тур ұйымдастырды. 
Пресс-турда журналистер тобы аялдаған алғашқы білім ошағы  Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі болды. 
Бүгінде колледжде 230 ұстаз қызмет істейді. Үш мыңға жуық студент кәсіби мамандыққа даярланып жатыр. 1980 жылға дейін үш мамандық бойынша маман даярлаған колледжде бүгінде 18 мамандық түрі бойынша мамандар даярлайды. Соңғы жылдары оқушылар контингенті 1,5 есеге, даярланатын мамандықтар 2 есеге, оқу дәрісханалары 2,7 есеге, шеберханалар 3 есеге, компьютермен жабдықтау 3,9 есеге, жатақханамен қамту 2,3 есеге және кітапхана қоры 2 есеге ұлғайған.
Материалдық-техникалық базасында электронды оқу залы, алты интерактивті және үш мультимедиалық, он үш компьютерлік кабинет, сондай-ақ электронды тест орталығы, электронды оқу-әдістемелік кабинеті және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет орталығы, медициналық пункт, шаштараз, студенттік асхана колледж шәкірттерінің пайдалануына арналып жабдықталған. 
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында, «Балапан» бағдарламасы аясында «Шұғыла» мөлтек ауданынан 320 орындық №2 «НұрШұғыла» жекеменшік балабақшасы осы жылдың қазан айында іске қосылған еді. Мұнда бүлдіршіндердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға және баланың жан-жақты дамуына, өз ортасына белсенді болуына барлық жағдай жасалған. 
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған №264 мектеп-лицей 1248 орынға арналған. Жаңа білім ошағында оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай қаралып отыр. Оқуға арналған сынып бөлмелерінің саны 50, лабораториялық кабинеттер қатары алтауға жетті. Сонымен қатар, білім ордасында жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген кітапхана, оқу залы, 4 технология және 3 информатика кабинеттері бар.   
Уақыт талабына сай қазіргі күні жаратылыстану, математика бағытына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мектепте шетел тілдерін, информатика, технология, физика, химия және биология пәндерін топтарға бөліп оқыту үшін барлығы 12 зертханалық-тәжірибелік кабинет жасақталған.  
Сондай-ақ, 2011 жылдың 1 қазанынан бастап мектеп-лицей жанынан «Қосымша білім беру орталығы» өз жұмысын бастады. Орталықта 5 түрлі үйірмеде 9 маман жұмыс істейді. Саз өнері, домбыра, сурет салу, күрес және хор үйірмелерінің мектеп оқушыларына берері көп. Орталықтың спортшылары мен өнерпаздары республикалық және облыстық додаларда жүлделі орындардан көрініп жүр.
Облыс орталығындағы жаңа нысанның бірі «Бегім Ана» балабақшасы. 
Балабақша 12 топқа бөлінген. ІІ сәбилер тобы 3-4 жасқа дейінгі балалардан құралған  «Жұлдыз», «Күншуақ»,  «Шаттық» бөлімі болып бөлінсе, ортаңғы және 4-5жасқа дейінгі бүлдіршіндер топтастырылған. Оқыту мен тәрбие жұмысы бойынша «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары және «Тәй-тәй» технологиясы жұмыс істейді. Балалардың  шығармашылығын дамыту мақсатында хореография, сурет, тағы басқа үйірмелер бар. Ересектер тобында «Қызықты математика», «Ойнайық та, ойлайық» бағдарламасы ұйымдастырылған.  
Балабақша толықтай санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жұмыс жүргізеді. Педагог-тәрбиешілер оқыту мен тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бөлмелерде жұмыс жасайды. Балабақшада «Өзін-өзі тану» және инклюзив бөлмелері, музыкалық және гимнастикалық зал және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. 
Білім саласындағы атқарылған  шаралар игі нәтижесін беруде. 
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

КӘСІБИ БІЛІМ БЕДЕРІ

КӘСІБИ БІЛІМ БЕДЕРІ

Жуырда Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі...
БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Жұма күні ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Сыр еліне...
БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Жұма күні ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Сыр еліне...
ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

Бейсенбіде Қызылорда қаласында 320 орындық «Шұғыла 2» балабақшасы ашылды. Салтанатты...
Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылорда. Қызылорда қаласында жыл соңына дейін мектепке дейінгі жастағы...
БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

Бала – ұрпақ жалғасы, ел болашағы. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, олардың...
Пікір: