ӨЛЕҢІНЕ ӨМІРДІ СЫЙҒЫЗҒАН АҚЫН

ӘДЕБИЕТ | 20 сәуір 2017 ж. - 09:57 | Көрудің саны: 76
ӨЛЕҢІНЕ ӨМІРДІ СЫЙҒЫЗҒАН АҚЫНЖылу алмас гүл қардан,
Күншуаққа көңіл зар...
Жүрегімнен бүр жарған,
Өлеңімде – өмір бар, – деп жырлаған Қуат Адистің өлеңдері мыңдаған жүрекке жылу сыйлап келеді. Ол – әдеби ортада өзіне тән болмыс-бедерімен танылып үлгерген жан. Ақын әріптесіміз «Жалағаш жаршысы» газетінде еңбек етеді. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері жинаққа еніп, балғындардың сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Қазақстан ¬Журналистер одағының және Халықаралық Жазушылар одағы ұйымының мүшесі Қуат Адис туған жерінде «Өлеңімде – өмір бар» атты шығармашылық кешін өткізді. Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен шарада ақынын ардақтаған елдің ықыласын көрдік. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Тәжмаханов ұлттық рухымызды құнарландырып, қуаттандырып отыруда ақындар мен жазушыларымыздың орны ерекше екендігін атап өтті. «Талай таланттардың ордасына айналған қасиетті Жалағаш жері ақын-жазушылардан кенде емес», – деген ол ақынға аудан әкімінің арнайы «Құттықтау» хатын табыс етті.
Халықаралық Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Бегімбай Ұзақбаев ақынға жылы лебізін арнай келе, оған «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Бейбітшілік әлемі» атты алтын медалін табыс етті. Мұның алдында осы одақтың «Шолохов» медаліне ие болған ақынның алдағы уақытта үлкен белестерді бағындырары анық.
Кеш барысында «Сыр медиа» ЖШС директорының бірінші орынбасары М.Аралбаев сөз алып, аудандық басылымда еңбек ете жүріп есімі республикаға танымал ақынның шығармашылығына табыс тіледі. Сонымен қатар, ақын шығармашылығына елімізге белгілі бірқатар көрнекті ақындар бейнеүндеу арқылы пікірлерін білдірді. Кеш барысында әуелете әндер шырқалып, ақын өлеңдері оқылды.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Жалағаш ауданы.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Өлеңіне өмірді сыйғызған ақын

Өлеңіне өмірді сыйғызған ақын

 ... Жылу алмас гүл қардан, Күншуаққа көңіл зар... Жүрегімнен бүр жарған, ...
ЖАЛАҒАШ – АҚЫНДАРДЫҢ ЕЛІ

ЖАЛАҒАШ – АҚЫНДАРДЫҢ ЕЛІ

 Мәртебелі поэзия әлеміне маздаған өлеңдерімен еніп, ойлы оқырманға көркем ...
Жыр патшалығындағы өр ақын

Жыр патшалығындағы өр ақын

Кеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Жазушылар және...
Аққырлық ақын шығармашылық кешін өткізді

Аққырлық ақын шығармашылық кешін өткізді

Жалағаш ауданы орталығында Аққыр ауылының 50 жылдығы аясындағы салтанатты ...
ЖЫРЛАРЫ ЖҮРЕК ТЕРБЕГЕН

ЖЫРЛАРЫ ЖҮРЕК ТЕРБЕГЕН

Сыр елі – талай-талай ән мен жыр сүлейлері мен арқалы ақындар мекені. Күрішті де...
ӘРІПТЕСІМІЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ

ӘРІПТЕСІМІЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ

«Сыр медиа» ЖШС-на қарасты Қазалы аудандық «Қазалы» газеті бас редакторының...
Пікір: