Әкеге сағыныш

Менің әкем Әбуов Шәмші Әбуұлы 1914 жылы ақпан айында дүниеге келген. Балалық шағы өте қиын шақта өтеді. 3 жасында әкеден 7 жасында анадан айрылып жетім қалады. Немере ағайындары Сұлтан бауырлары Шәкәрім мен Сматтардың арқасында ағайындарынанда, нағашыларынанда алыстамайды. Балалық шағын еске алғанда балалармен асық ойнап, жеңіліп қалатынмын, сол кезде Шәкәрім ағамның еті тірі пысықтау еді сол кісі ерітіп алып асық ойнап асығымды қайтарып алып беретін деп отырушы еді.
Жылда жеңіс мерекесі жақындаған кезде, газет беттерінде ардагерлерді еске алып, ерліктері туралы жазылып жатады. Осы кезде меніңде әкеге деген сағынышым жүрегіме сыймай көзіме ыстық жас келеді.
Әкем 1943 жылы Қызылорда Әскери комисариятынан әскерге шақырылады. Сол кездегі үкімет бұйырығы бойынша темір жол бойында қызмет жасап жатқан әкеме соғыстан босатылу БРОНЫ беріледі. Бірақ әкем қағазын қалтасына салып алып қатарымен соғысқа аттанып кете барады. Бір адамның артық екенін Ресей жеріне барғанда біліп, комондиріміз таң қалды деуші еді.
Әкем морзе әліппесін  өте жақсы  меңгерген  екен. №213 атқыштар дивизиясының полковнигі  И.Буслаев штаб  бастығы  майор А.Дубровскидің қол астында радист болады. 22-28 август 1943 жылы  Белград,Харьков қалаларын азат етуде №153 бұйрықпен ерлігі үшін медальмен марапатталады. Руминияның, Яссы, Тыргу-Фрумос,Янгень қалаларын азат ету кезінде   жанқиярлық ерлігі үшін  марапатталады. 11-Февраль 1945 жылы Одер өзенін,Лигнец, Штейнау, Любен, Гайнау, Ноймаркт және Кант қалаларында кескілескен шайқастағы ерлігі үшін Совет одағының жоғарғы қолбасшысының №273 бұйрығымен қызыл жұлдыз  орденімен  наградталады.15-октябрь 1945 жылы соғыс комиссарнаты  генерал  полковник Попов  соғыс  кеңесінің  генерал майоры Батраков  қол қоюымен жаунегер Абуов  Шәмші сіздің неміс басқыншылырымна  қарсы соғыста сіздің басып өткен ізіңіз азат  еткен қала,сило,өзендеріңіз келешек ұрпақтардың мәңгі есінде қалады. Омырауыңыздағы 1941-1945 жылдардағы Германиямен соғысқан ұлы отан соғысының жеңімпазы медальіңіз отанымыздың адал ұлы екеніңіздің белгісі.
Келешек бейбіт өмірдеде сіздің алдыңғы сапта болатыныңызға сенеміздеген әрі алғыс, әрі аманат хаты бар.
Біздің балаларының қолда бар мәліметтері, ауызша айтқандарынан есте қалғандары осылар.
Соғыстан аман-есен елге оралған әкеміз, Іңкәр анамызбен  бас  қосып  тоғыз  бала  өсіріп жеткізді. Анамызда өте салиқалы  аяулы жан еді.
Соғыстан  кейін  бейбіт  өмірде  әкеміз  бұрынғы  жұмысын  жалғастырып, Станция  кезекшісі болып жұмыс бабымен  әр станцияларда  жұмыс  ауыстырып  жүрді.Соңғы  жұмыс  орны  «Қараөзек   станциясы»  болатын.
Бала    тәрбиелеуге де  өте  қатты  мән беретін.Мектеппенде  тығыз  байланыста  болатын.Сәл қолы  босаса  біздерге ескертпестен   мектепке  келіп,сабағымызға кіретін.Әкеміздің  алдында  ұятқа  қалмас  үшін  үнемі  дайындалып  жүретінбіз.Әкемізді   ренжіту  біз  үшін  кешірілмес  күнә  еді.Өйткені  бізді  әрқайсысымызды  бір  жалғыздай  еркелетіп отыратын.Еңбекке де баулитын.
Екі ұл,жеті  қыз туып,  өсірген  ата – анамыздың  ұлағатты  тәрбиелі,  сөздерін   осы  күні  әр  қайсысымыз   өз  отбасымыздағы  балаларымызға   айтып  отырамыз.                                    Беріде әрқайсысымыз  бір-бір  отбасы  болып  кеткеннің өзінде қолынан  келген  қамқорлығын  аямайтын.Бірде  көршіміз  өзінің замандасы  әрі құдасы  Маусымбай ағайға  айтып  отырған мына  сөзі  мені  терең ойға батырған.                                                                   Қыздарым  тұрмысқа  шықты әр  қайсысының  отбасы ,  ата –енелері, кішкентай бөпелері  бар,  әрі  жұмыс   істейді. Бір –бірін жиі –жиі  көре  алмайды,сағынады  сондықтан  әр қайсысына  бір-бір  тақтадан  бақша  салуға  жер  бердім,демалыстарында сол  бақшаларына келіп,әрі  бір-бірін  көріп,мауқын  басып  мәз-мейрам  болып  қалады  деп еді.Не деген  қамқорлық  десеңізші. Осы   ойлы, тәрбиелі  әңгімелері  еске  түскенде  ата  -анаға  деген  сағыныш  жасы  көзіме  толады. Бейбіт  өмірде   де  Батыс  темір  жолы басшылығынан, Кәсіподақ  комитетінің атынан  бірнеше рет  мақтау қағазын алып марапатталып тұратын. Әр  мерекелерде  әкемізді  мектепте, жұмыс орнында   кездесуге шақырып  ұлағатты  әңгімелерін тыңдап  отыратын  Әкеміз Шәмші  мен анамыз Іңкәр тоғыз баладан  33немере  4 шөбере көрді.
 Қазіргі  уақытта  барлығыда  өнегелі  отбасы  болып  өсіп –өніп отыр.Осыларды  ой  таразысынан  өткізе  отырып, ата-анаға деген  сағынышымызды  көзі  тірісінде бірде-бір рет  алдынан  кесе өткенімізге,беттеріне  жел боп  тимегенімізге, аттарына  кір келтірмегенімізге,  ризашылықтарын алғанымызға  көңілімізге  медеу  етеміз.Ата-аналарының көзі тірі  замандастарыма  балдарыма  өмірде теңдесі  жоқ  асылдарыңды  сыйлаңдар  дегім  келеді.Ата –анаға көп  нәрсе  керегі  жоқ,  тек  сендердің өздеріңе  деген  махаббаттарың,жиі-жиі  хабарларын  алып  тұрыңдар дей отыра     өзімнің  ата-анама  арнап  бір  ауыз  өлеңімді  арнағым келеді.              
Қараөзек  Сұлу  сырдың бір  саласы,
Бой  түзеп,өстім десем барма      аласы.     
Тегімді  айтып  өтсемайып болмас,
Ұлы  жүз   ошақтының мен  баласы .
Әкем Шәмші,анам   аты   Іңкәр   болған,
 Көрген жан парасатына  көңілі  толған.
Бірі  -ардагер  ақылшы  әке  болса,  
Анамда   жұлдыз тағып  батыр  болған.
Деп  өз  ойымды аяқтай  отырып  қымбатты   ата-анама жатқан  жерлерің  жайлы,  топырақтарың  торқа  болсын  деймін.

Шырынкүл Әбуова,
Қараөзек ауылының тұрғыны, зейнеткер
    
ӘДЕБИЕТ 15 мамыр 2017 г. 435 0