Арнау жыр

Ел мерейін әлемге паш еткен Халықаралық  «ЭКСПО – 2017» көрмесі – Алаш жұртының абыройы. Қазақтай дархан елдің даладай кең пейілін, терең тарихын,  ұлттық құндылықтары  мен рухани мол қазынасын көріп-тамашалаған шетелдік қонақтардың таңданысында шек жоқ. Ондайда көңілімізді еріксіз мақтаныш сезімі кернегендей...
Иә, Елбасының өзі «Сыр – Алаштың анасы» деп ерек¬ше ықылас білдіргендей,  халқы¬мыздың санғасырлық жауһардай құнды өнері мен салт-дәстүрінің сабағы үзілмей жалғасып келе жатқан Сыр елінің орны бөлек.
Сондықтан болар, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Астана қаласында өтіп жатқан Сыр елінің мәдениеті мен өнері күндерінде этноауылға  келіп, ұлттық болмыстың үлгісіндей қолөнер туындаларын тамашалады. Сыр сүлейлерінің өнеріне тәнті болды. Осы сәт мен үшін өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Себебі, маған Елбасын арнайы жыр шашумен қарсы алу құрметі бұйырды. Көңілім ерекше толқып тұрып:
Тербетті тіршілікті Сыр анасы,
Жыраудың құлдилаған құламасы.
Әлемге той өткізген Астанада
Армысыз алты алаштың Нұрағасы!
– деп бастап келіп, соңында  
Секілді Күн бейнесі ой құлаштың
Жақсы жыр айтудан мен айнымаспын.
«ЭКСПО» құтты болсын күллі әлемге
Тойларың алаш жұрты, тойға ұлассын! – деп қайырдым. Елбасы жыр шашуымызды жылы қабылдады.
Руслан АХМЕТОВ,
ҚР мәдениет қайраткері.
ӘДЕБИЕТ 15 тамыз 2017 г. 233 0