«Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Әдебиет порталында» онлайн түрде «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланып отыр.
Аталған конкурс ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу; қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау; қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату; ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру; жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту; ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды жүзеге асыру мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.
Конкурстың жүлдесі қомақты және төмендегі номинациялар бойынша жарияланып отыр:

- проза жанры бойынша: роман, повесть – Гран-при - 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  

- проза: әңгіме, эссе – 2 млн. теңге; Гран-при - 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  

- поэзия: поэма – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  

- поэзия: топтама өлеңдер – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  

- драматургия – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  

- әдеби сын – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;    

- поэзия (балаларға арналған өлеңдер) – 2 млн. теңге Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  

- проза (балаларға арналған прозалық шығармалар) – 2 млн. теңге. Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге.  

Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен қатысуды ресімдеу, конкурс нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен «Әдебиет порталының» http://adebiportal.kz/kz/ruh «Арнайы жобалар» айдарынан таныса аласыз.
ӘДЕБИЕТ 17 қараша 2017 г. 201 0