16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының аңдатпасы

Ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры.

Байқаудың мақсаты: жастардың шығармашылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Өтетін уақыты, орны: 2017 жыл, 6 желтоқсан, cағ: 15-00-де, Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы.

Байқауға қатысатындар: Байқауға 16-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен аудандарда, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында іріктеуден өткен, барлығы - 19 талапкер қатысады.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

- бірінші кезең: қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары өлеңдерінен жатқа үзінді оқу;

- екінші кезең: Тәуелсіздікке арнап шығарған өзінің өлеңін жатқа оқу.

Талапкерлердің өнерін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бекмағамбетов Шанжархан Бекмағамбетұлы басқарған қазылар алқасы бағалайды.

Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде талапкерлердің өлеңді таңдау талғамына, өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, жатқа оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударады.

Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталады.

ӘДЕБИЕТ 05 желтоксан 2017 г. 37 0