Біздің отбасы есірткіден алыс (Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа)

ӘДЕБИЕТ | 24 қаңтар 2017 ж. - 15:28 | Көрудің саны: 295
Отбасында бес ағайындымыз. Бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік. Анамның алтын қолынан дайындалған асты дастарханда таласа отырып жеуші едік. Бәріміз бірімізден қалмай асыр салып, доп қуалап ойнайтынбыз. Ата-ананың тәрбиесін тең алып, толыққанды үлгілі отбасында өсіп-өндік. Көпшілік бізге қызыға да қызғана қараушы еді. Қонаққа жұбымыз жазылмай үнемі бірге баратынбыз. Өзгенің б
аласындай бір-бірімізбен санасып, төбелесуді білмейтін едік. Бауырларым әкемнің сөзін жерге тастамай, көз қарасынан-ақ тайсалатын. Күнделікті кіріс көзі болмаса да анам түскен қаржыны бәрімізге жеткізетін. Жұрттың балаларынан кем өспедік. Отбасылық байлық қаржымен есептелмейтінін әкем бойымызға сіңіріп өсірді. Қолымыздағы бар байлығымыз атамнан қалған зәулім баспана. Қазақта кенже ұл – қара шаңырақ иесі деген ұстаным бар ғой. Оны әкем кенже ұлына мирас ретінде қалдырды. Сондай-ақ, оған ерекше мейіріммен қарайтынын байқайтын едік. Өйткені, бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсірді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау, аманатқа қиянат жасамау кім-кімніңде мойнына артылған жауапкершілік. Міне, осылайша біздің отбасында қазақтың салт-дәстүрі, үлгі-өнегесінің бәрі дерлік сақталды.
Уақыт шіркін, зымырап өте шықты. Күні кеше дүние есігін ашқан ағам кәмелет жасқа толып ер жетті. Еркін өсіргендіктен бе әлде еркеліктен болар, көп уақытын сыртта өткізетінді шығарды. Түнгі клубтан, мейрамханалардан шықпайды. Бірақ, тәртібі жақсы, сабақ үлгірімі де жоғары. Алайда, бала кезден бірге өскен Ержан есімді досы жиі мазалайтын болды, беймезгіл уақытта қоңырау шалып шақырып алатынды шығарды. Ағам үлкен көлемде қаржы сұрай бастады. Бәлкім ата-анамның аңғалдығынан болар, «Қаржыны неге жаратасың» деп сұрамайтын. Бірде үйден көп мөлшерде қаржы алып, асығыс киініп шығып кетті. Сөйтсек досы Ержан түнгі клубта есірткі пайдаланып отырған жерінен қолға түсіпті. Ал, ағам оны темір тордан шығарып алу үшін қолындағы соңғы тиынына дейін беріпті. Құп делік. Бір күн өтті. Екі күн өтті. Ағам аяқ асты сабақтан тыс уақытта қосымша жұмыс істеп, табыс табатын болды. Барлық тапқанын досына пәтер жалдауға беретін көрінеді. Тіпті оны емдету мақсатында әкеден мирас болып қалған киелі шаңырақты сатуға шығарды. Ал, ата-анама ортаншы ұлдың қолында тұруға тура келді. Әкем «Жақсылық жасауға кедергі келтіруге болмайды, тек жақсы нәтиже күтейік деді. Оның қиын қыстауда қол ұшын созатын ата-анасы, бауырлары да жоқ. Бірлесе жәрдем берейік. Бүгін болмаса, ертеңгі күні жәрдемі тиеді», деп өз рұқсатын берді.
Жастайынан қиындықтың тауқыметін көп көрген Ержан көп ұзамай есірткіге тәуелді жандар емделетін ауруханаға жатты. Басында сол жақтағы кісілермен қосылып есірткі пайдаланыпты. Артынан өзін-өзі қинап, ағамның сенімін ақтау үшін емделуге тырысқан. Ауруханада Әсем есімді аруды жолықтырады. Ол қыз Ержанға көп көмектесті. Қиын сәтте қолдау көрсетті, ауырып қалса екпесін егіп, өзі бас көз болды. Екеуі бір-біріне бауыр басқан тұста Ержанның ауруханадан шығатын уақыты келді. Сол тұста Әсел өзінің мекен-жайын қалдырып, емінен айыққан тұста үйіне келіп, ата-анасымен танысуды сұрапты.
Арада екі жыл уақыт өтті. Әсел күнделікті жұмысқа барып-келіп уақытын өткізді. Демалған тұста терезеден Ержанды тосатын болды. Бірде есік қоңырауы шырылдады. «Қазір ашамын» деп ептіге сөйлегені сол еді, бір құшақ гүлмен келген Ержан екен. Осылайша екеуі қосылып шаңырақ көтерді. Ержан есірткіден толықтай айығып, спорт саласымен шұғылданды. Арадан бес жыл уақыт өткеннен кейін үлкен кәсіп ашып, оны ағама сыйға тартты. Оны өткен күндегі жақсылықтың өтемі деп түсіндірді. Ата-анамның алдына келіп, барлық кінәлері үшін кешірім сұрады. Осылайша ол «Енді менің өмірімде есірткіге жол жоқ» деген ұранды берік ұстанды. Міне, осындай адал достық пен махаббаттың құдіретінің арқасында есірткінің емі табылатынына көзіміз жетті. Ең бастысы адамға демеу болар жақындардың ықыласы қажет. Барлық мәселенің шешімі бар. Қандай қиындықтан да шығар жол бар. Тек сол жолды адаспай таба білу керек…

Нұрай КӨБЕНОВА,
«№ 15 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы


Сондай-ақ... оқыңыз:

Әбіш жазушы болмағанда геолог болар еді

Әбіш жазушы болмағанда геолог болар еді

«Болар бала – жасынан». Әбіш Кекілбаевтың әдебиетке құмарлығы мектептен басталған....
Ата-ананың қадірі

Ата-ананың қадірі

Оның анасының бір көзінде кемістік бар еді. Бала кезінде сол үшін шешесін ...
ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН ЖАНДАР

ЕҢБЕКПЕН ЕСЕЙГЕН ЖАНДАР

«Ел арасындағы жарастығы мол отбасыларды дәріптейтін "Мерейлі отбасы” сайысына...
Дінің тұрсын дін аман

Дінің тұрсын дін аман

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын елең-алаң уақыт деп алсақ болатын секілді. «Қалай ел...
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ, ЖАС ТҮЛЕК

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ, ЖАС ТҮЛЕК

Бірде екі қыздың әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім. Ойлары бір жерден шығып отыр....
ШАРУАНЫҢ  ИШАНЫ

ШАРУАНЫҢ ИШАНЫ

Бала күнімізден Дүйсен  әкем «Балам, кісі баласының ала жібін аттама, ұрлық...
Пікір: