Көліктегі әңгіме

Аялдамада тұрғаныма көп болған. Суық ызғар табанымнан өтіп барады. Асығыс алға қарай жүріп, тоқтаусыз жүйткіп жат¬қан көлікшілердің біріне қол көтердім. Жүр¬гізушімен амандасып, баратын мекен-жайым¬ды айтып, көлікке жайғастым. 
ӘДЕБИЕТ 19 қаңтар 2017 г. 1 014 0
Мен өлең оқығанда...

Мен өлең оқығанда...

Мен өлең оқығанда,  Күллі әлем қалады нұрға тұнып, Әсем гүлдер төбеде ырғатылып.  Жүректі жан қарайды таңданумен,  Жанарынан жас тамып жырға тұнық. 
ӘДЕБИЕТ 14 желтоксан 2016 г. 538 0
Мұхитта жүзген ақ кеме

Мұхитта жүзген ақ кеме

О, Отаным! Құт дарып, Қыдыр қонған, Қонбаған кез Арқаға бүгінгі Ордам. ... Бұл оқиға төсінде көк мұхиттың, Ширек ғасыр осыдан бұрын болған.
ӘДЕБИЕТ 14 желтоксан 2016 г. 292 0
Тау тұлғалы ақын

Тау тұлғалы ақын

Тарих, әдебиет, өнер сынды рухани құндылықтар – мемлекет құрылымының мызғымас іргетасы. Олардың әрқайсысының сан салалы қырлары бар. Ал осынау ұлттық құндылықтың іргетасын кімдер қалайды? Әлбетте, шығармашылық өкілдері. Ханға да, қараға да тиесілі пенделік тірліктің парқын ұғып, парасат-пайымына терең бойлайтын қаламгерлер елдік мәселелерге ен¬жар қарай алмай, кейде қоғамның қат-қабат қайшылықтарына қарсы үн қатып жатады. Үн қатады дегеніміз, "жайдақ атқа міне шауып”, аттандап айғай салу емес. Олар ішкі жан толқынысын, өмірге деген тала¬бы мен талпынысын, тіпті болашаққа деген болжамын шығармашылық еңбегі арқылы жасырмай жария етеді. Жаратқанның жазуымен қолыңа қалам алған екенсің, онда көңіл қалтарысында көлденең сыр бүгіп қалуға хақың жоқ. Ымыраға келмес тірліктің ығына есіп, әуре -сарсаң болудың қажеті қанша?..
ӘДЕБИЕТ 03 желтоксан 2016 г. 457 0
Жыр болып оралды ақын...

Жыр болып оралды ақын...

Республикаға белгілі айтыскер ақын, жыршы-термеші, бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, марқұм Серік Өтеуовтің «Томағалы тұйғын» атты жыр жинағы жуырда баспадан жарыққа шығып, көпшіліктің қолына тиді. Оның ақ нөпір жырын аңсаған, сағынған жұртшылық сырлы өлең жолдарын қайта-қайта оқып, айтыстың ақтаңгер ақынымен қайта табысқандай әсерде болды. Аталған жыр кітапқа айтыскер ақынның арнаулары мен толғаулары, лирикалық өлеңдері мен айтыстары топтастырылған.
ӘДЕБИЕТ 26 қараша 2016 г. 270 0

ЕСЕМІЗ КЕТКЕН ЕЛ ЕДІК

«Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергей...» Әбіш КЕКІЛБАЕВ. І. Ей, жаңа ғасыр! Тыңда бізді. Осынау айдай әлем – төрткүл дүниеде Қазақ деген халық бар, «қайықтай толқын ұрған жағадағы». Осылай деп айтқан бұрынғылар. «Тарихы қалың, оқулығы жұқа» деп жырлаған кемеңгер ақыны. Жалғаны жоқ – бәрі рас. Есте жоқ ерте кезде «қилы-қилы заман болған, қарағай басын шортан шалған». Сол аласапыран алмағайып кезеңдерден Қазақ деген халық амалдап бүгінгі күніне жеткен, бірақ не көрмеген?! Тағдырдың талқысына талай түскен. Демограф ғалымдардың анықтауында бұл халық өзінің ата жұртынан басқа әлемнің 40 мемлекетіне бытырап кетіпті. Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа, оңтүстіктен солтүстікке, солтүстіктен оңтүстікке қарай жөңкіліп босыпты. Бас амандау, жан сауғалаумен қияметтің небір қыл көпірінен өтіпті. Иә, иә, қадым замандарда ғұмыр кешкен даналар мен бергі дәуірдегі көзіқарақтылардың хаттап кеткен деректерінде дәйектелгеніндей, басы қайда қалмаған бұл халықтың...
ӘДЕБИЕТ 05 қараша 2016 г. 263 0
Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы

Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы

Қазақ әдебиетінің тарихында қазақ поэзиясының  ерекше дәуірлеген кезеңі өткен ғасырдың 60 жылдарына тура келеді. Бұл жағдайдың басты себебі 1956 жылғы СОКП-ның ХХ съезінде жасаған Н.С.Хрущевтің баяндамасынан кейін «жылымық» аталған жылдардағы КСРО құрамындағы ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен өнеріне шығармашылық еркіндік берілуі еді. Басқа да ұлттардың әдебиеті мен өнеріндегі сияқты қазақ әдебиеті мен өнерінде де ерекше өрлеу, даму үрдістері болды. Заман, қоғам шындықтарын тереңнен толғап, ашып суреттеген кемел тарихи романдардың, сондай-ақ, күрделі күрмеуге, шытырман шиеленіске толы драмалардың алғашқы легінің жарияланып, қоғамда үлкен дүмпу туғызған уақыттары осы кезеңге тура келді.
ӘДЕБИЕТ 22 қазан 2016 г. 307 0
Ақтөбеден жыр-шашу ала келді

Ақтөбеден жыр-шашу ала келді

Ақтөбе облысының Қызылордадағы күндері аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының поэзия кеші өтті. 
ӘДЕБИЕТ 18 қазан 2016 г. 174 0

ТҮРКІТАНУҒА АРНАЛҒАН ТОЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

Белгілі ғалым Тоқболат Еңсегенұлының әлемге әйгілі ғұлама В.В.Бартольдтың шығармашылық жолы, ғылымдағы орны, азаматтық келбеті жайлы жазған «Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты» атты еңбегі жарыққа шықты.
ӘДЕБИЕТ 13 желтоксан 2014 г. 1 084 0

«Өткен әзиз әулиелер»

Қаламгер Шайдарбекқажы Әшімұлы құрастырып, жинақтаған «Өткенәзиз әулиелер» атты кітабыоқырманға жол тартты. КітапҚызылорда қаласында «Полиграфия баспаүйі» баспаханасында басылыпшықты.
ӘДЕБИЕТ 09 желтоксан 2014 г. 1 048 0