100 сұрақ – 100 жауап

– Медициналық сақтан¬дыруды енгізу бойынша қан¬дай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Кореядағы ме¬дицина бізде де болады ма?
– Тек елдердің тәжірибесі ғана емес, сол елдердегі әлеу¬меттік сақтандыру жүйе¬сін дамыту үрдістері де, сондай-ақ қателіктері де зерде¬ленді.
Мысалы, Францияда бірінші жылдары жарналарды төлеу ауыртпалығы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында бөлінген, барлық шығыстардың 50 -пайызы экономикалық белсенді емес халыққа жүргізілетіні анық¬талғанда мемлекеттік бюджеттен аударымдардың көлемі ұлғайтылды.
Германияда медициналық ұйымдарды қаржылан¬дыры¬латын мыңнан астам ауруханалық кассалар қызмет еткен. Кассалардың осындай саны, аурулардың қатерлері болған кезде әртүрлі жарналар деңгейлері бар жүйенің қатысушылары арасындағы қаражатты қайта бөлуге жол бермеді.
Осыған байланысты, Германия ауруханалық кассаларды ірілендіре бастады, нәтижесінде олардың саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен 100-ге дейін қысқартылды. 
2014 жылдан бастан АҚШ президент Обаманың бастамасы бойынша медициналық қызметтердің қымбат болуы себебінен халықтың барлық тобына медициналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген жинақ¬таушы медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care Act, немесе халықта Obamacare аталып кеткен заң негізінде жалпыға қолжетімді медициналық сақтандырудың әмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-тың денсаулық сақтау реформасының басты элементі АҚШ азаматтарының, егер олар сақтандырылмаған болса, медициналық сақтандыруды сатып алу міндетін енгізу болып табылады. Сонымен қатар, аз қамтылғандарға субсидиялар көзделеді. 
Реформа сондай-ақ полисі бар азаматтардың меди¬ци¬налық сақтандыру жағдайын жақсартуға ар¬нал¬ған. Осылайша, заң жобасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап егер еңбек шарты басталмас бұрын жұмысшының ауыр созылмалы ауруы расталған болса (мысалы, ЖИТС, қатерлі ісік және т.б.) жұмыс берушілер және оларды сақтандырушылар жұмысшыларға медициналық сақтандыру ұсынудан бас тарта алмайды немесе оларға сақтандыру жарналарын көбейте алмайды.
– Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма?
– Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап  жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады.
– Медициналық сақтандыру қорында экономи¬калық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма?
– Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кезінде Қор:
- ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы эконо¬мика бойынша орташа айлық жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл, жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қам¬тамасыз етеді; 
жоспарланбаған шығыстарға резервтер Қор актив¬терінің 3 пайызына дейінгі көлемде  қалыптастырылады.
– Міндетті медициналық сақтандыру қорының қара¬жатын әртүрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?
– Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қам¬тамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар күнделікті медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерді төлеуге бағытталады.
Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі дағдарысты қамтитын өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қам¬тыған халықтың табысынан жүзеге асырылатын жарналармен өтелетін болады.

АҚПАРАТ 01 сәуір 2017 г. 6 666 0