ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

АҚПАРАТ | 16 қазан 2013 ж. - 00:40 | Көрудің саны: 802
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР Үкіметінің 23.01.2013 жылғы кеңейтілген жиналысында қабылданған шешімге сәйкес Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту сатылы түрде жүргізіледі.
Жаңғыртудың негізгі мақсаты зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі моделін сақтап, жоғалтқан табысын зейнетақы қамсыздандырудың жоғары ставкасымен алмастыра отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың біртұтастығын жасақтау болып табылады.
Жаңғыртудың бірінші кезеңінде «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда мынадай шараларды жүзеге асыру қаралған:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру арқылы зейнетақы жинақтарын сақтап қана қоймай, оларды бақылау және тиімді орналастыру арқылы зейнетақы жинақтарын өсіру, қамтамасыз ету;
2) ерекше және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын азаматтардың ерікті жарналарын міндетті кәсіби жарналармен алмастыру. Бұл өз кезегінде ауыр және ерекше жұмыс орындарында жұмыс жасайтын азаматтарға ерте жаста зейнеткерлікке шығуға жеткілікті деңгейде зейнетақы жинақтарын жасауға мүмкіндік береді;
3) әйелдердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілімін ұлғайту, соған сәйкес олардың зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында зейнетақы жасын бірегейлендіру; 
Зейнетақы жасын бірегейлендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін және зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайту үшін ұсынылады, бұл тиісінше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерінің арттыруына алып келуге тиіс. Сонымен, әйелдерге зейнетақы жасын өсіру зейнетақы жинақтарының мөлшерін көбейтуге қосымша мүмкіндік береді. 
Реформаға сәйкес жұмыспен қамту барысы бойынша да қосымша шаралар әзірленді. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша әйелдер жұмысқа тұруда және басқа әлеуметтік қолдау көрсетуде басым құқық берілетін мақсатты топқа жатқызылған.
Бұл бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы «Жол картасы» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
Бағдарламада әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етуге басымдылық берілген. Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту үшін Жұмыспен қамту жол картасында мынадай мүмкіндіктер беріледі:
нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқыту, мемлекет тарапынан субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне қолдау көрсету. Және де оқу кезеңіне жол шығындары, тұру шығындарына материалдық көмек беріліп, стипендия төленеді; 
микрокредит беру арқылы және кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы өз ісін ашу және кеңейту;
еңбек ресурстарына қажеттілік бар, әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерге ерікті түрде көшу. Мұндай отбасыларға жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуда, қызметтік тұрғын үй берілуде, көшуге субсидия беруде көмек көрсетіледі.
Бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан шыққаннан кейін әйелдердің еңбек нарығындағы әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіледі: 
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жұмыспен қамту орталықтары еңбек заңдылығына сәйкес біліктіліктілікті көтеруді, қажет болған жағдайда республикалық бюджет есебінен қайта оқытуды жүргізіп, жаңа мамандық алуды қамтамасыз етеді.
Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын сатылы түрде көтерумен байланысты қатерлерді жою үшін Үкімет тарапынан 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтудың Кешенді бағдарламасы (бастама 50+) бекітілген.  
«Бастама 50+» негізгі мақсаты зейнеталды жастағы адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған және іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарында жұмысқа орналастыру шараларын қамтиды.
Әйелдер еңбегін көбірек пайдалану, жұмыспен қамтудың дистанциялық нысандарын пайдалану, үй еңбегін дамыту және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту сияқты шаралар қаралады.  
Қорыта айтқанда, зейнетақы жасын 63 жасқа дейін ұлғайту, өз кезегінде жинақтаушы жүйедегі қатысу өтілімін 5 жылға ұзарту арқылы жинақталатын зейнетақы салымдарының көбеюіне ықпал етеді.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың екінші сатысында зейнетақы жарналарының үздіксіздігі мен олардың көлемін ұлғайту мақсатында 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап әйелдердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болған уақытында міндетті зейнетақы жарналарын қосымша субсидиялау енгізілетін болады.
Бұл мақсаттарға 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында: 2014 жылға – 8,8 млрд. теңге, 2015 жылға – 10,1 млрд. теңге, 2016 жылға 11,7 млрд. теңге қаралған.
Әлеуметтік төлемдерді алушылардың міндетті зейнетақы жарналарына есептелетін субсидия мөлшері әлеуметтік төлемді есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстан ұсталатын 10% жарна мен әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналары арасындағы айырмасы мөлшерінде есептеледі. Субсидия мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.
Сонымен қатар, мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшының ынтымақтық жауапкершілігі қарастырылған зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі шаралар кешені жасалатын болады, атап айтқанда: 
а) жұмыс берушілер есебінен міндетті 5% жарналар енгізу.
Міндетті жинақтау деңгейі шеңберіне әрбір жұмысшы өзінің қарттығына өзі жауапты болады. Сонымен қатар, мемлекет те зейнетақы жинақтарының нақты құны бойынша және зейнеткерлікке шыққан кезде әрбір салымшыны зейнетақымен қамсыздандыру және базалық зейнетақымен өмірлік қамсыздандыру жауапкершілігін өз мойнына алады. 
Осыған байланысты зейнетақы жүйесінде еңбек қатынастарындағы барлық тараптардың қатысуын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлерінің атына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. 
б) сатылы түрде міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын тағы да 5% -ке ұлғайту.
Экономикалық қызмет субъектілерге тиімді жақтарын ескере отырып, кәсіби жүйені қалыптастырып дамыту үшін сатылы түрде аталған жарналар 5%-дан 10%-ға дейін өсірілетін болады. 
Лиман БОРАНБАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы.  



Сондай-ақ... оқыңыз:

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қазақстан...
КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

Жұма күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің...
СЫР ЕЛІНІҢ ЕҢБЕК САЛТАНАТЫ

СЫР ЕЛІНІҢ ЕҢБЕК САЛТАНАТЫ

Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында биылғы егін жинау жұмысының...
ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ  «ЖОЛ КАРТАСЫ»

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ»

Дені сау адам – мемлекеттің басты байлығы. Осы орайда елімізде тұрғындардың...
БОЛАШАҒЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

БОЛАШАҒЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

Ауыл арасында кәсібін дөңгелетіп, отбасын асырап отырғандар баршылық. Олардың бірі...
Пікір: