САУСАҚ ҰШЫНДАҒЫ ӘЛЕМ

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада француз тифлопедагогы Луй Брайльдің туған күніне орай «Саусақ ұшындағы әлем» атты  ақпарат сағаты өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Брайльдің өмірімен танысты.
Брайль Луи 1809 жылы Францияға жақын орналасқан Кувре қаласында дүниеге келген. Француз типлопедогогы. 12 жасында зағиптарға арналған алфавитін әзірлеу үшін тәжірибелерін бастады. Күндіз сабаққа барып, ал кешке өзінің жүйесін ойластырды. 15 жасында бұл жұмысын аяқтап, Луи Брайль үштен екі бағанада орналасқан алты рельефті нүктенің әртүрлі комбинациясынан өз алфавиттерін құрастырып шығарған.
Оқырман мәтінді оқу үшін әріп басылған жолдарды саусақ ұшымен сипалау арқылы оқитын. Бүгінгі таңда Брайль қарпін бүкіл әлемде қолданылады. Сонымен бірге «Брайль жүйесі қазіргі ақпаратты қоғамда» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Брайльдің суреттері және ойлап тапқан алфавиттері мен өмірі туралы деректер қойылды.


Құралай МАКОСОВА,
арнаулы кітапхананың кітапханашысы.
Қызылорда қаласы.
АҚПАРАТ 04 қаңтар 2018 г. 46 0