ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №219-ө өкімімен Нәметша Сержан Қасқырұлы Қызылорда облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Сержан Қасқырұлы 1952 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын – инженер-құрылысшы, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын «Қызылордасельстрой» тресінде құрылыс мастері болып бастаған. Қармақшы аудандық партия комитетінде нұсқаушы, облыс әкімінің көмекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқарма бастығы қызметтерін атқарған.
2006-2013 жылдары облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларын басқарып келсе, 2013 жылдың ақпан айынан осы кезге дейін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

АҚПАРАТ 01 қазан 2013 г. 1 269 0