ТМД КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

АҚПАРАТ | 22 октябрь 2013 ж. - 14:39 | Көрудің саны: 663
Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі баспасөз мәслихаты болды. Онда ресми өкіл Алтай Әбибуллаев Мемлекет пен Үкімет басшысының апта ішінде жоспарланған кездесулері мен елімізде орын алатын маңызды шаралар жайынан хабардар етті.
Ресми өкілдің хабарлауынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24-25-қазанда Минскіде өтетін Жоғары экономикалық және ТМД кеңесінің кезекті отырысына қатысатынын мәлімдеді. ТМД мемлекеттерінің басшылары күн тәртібіндегі 14 мәселені қарайды. Атап айтқанда, құпия ақпараттарды қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шаралары мәселелері бойынша кеңес құру туралы жоспарланған.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында Үкімет басшысы Серік Ахметовтің осы апта ішіндегі жұмыс кестесін жария етті. Бүгін оның төрғалығымен «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы кеңінен талқыға түсетін болады. Қазанның 25-де С.Ахметов жұмыс сапарымен Алматы облысына барады деп күтілуде. Онда Премьер-министр өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және Алматы облысының экономикалық дамуымен танысады деп жоспарланған.
«Апта басында Қазақстанға Сингапурдың Премьер-министр Кеңсесінің министрі, Сыртқы істер министрі және Су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрі Грэйс Фу ханымның ресми сапары басталды. Астанада Грэйс Фу ханым ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевпен және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровпен кездесулер өткізеді. Ал ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен болатын келіссөздің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының арасында Саяси консультациялар жөніндегі меморандумға қол қою жоспарлануда. Сингапур министрі сапарын Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовпен болатын кездесумен қорытындылайды»,–деді ресми өкіл баяндамасында.
Қазанның 22-24-і күндері Канаданың Калгари қаласында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің ІV Жастар форумына қатысады. Форум аясында 2017 жылы Астанада 22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге берген қазақстандық өтінім тапсырылатын болады. Астанамен қатар, мұнай конгресін өткізу құқығы үшін Хьюстон, Стамбұл және Копенгаген таласуда. Дауыс беру 23-қазанда өтеді.
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев қатысып, саланың бірқатар өзекті мәселелерін атап өтті. Ол биылғы атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
«Республикалық желінің бюджеті 235,5 млрд. теңгені құрайды, 3,485 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олардың 2000 шақырымында қозғалысты ашу жоспарланып отыр. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының ұзындығы 2787 шақырымды құрайды, оның ішінде 2452 шақырым қайта жаңарту жұмыстарына мұқтаж. Халықаралық дәлізде жоспарланған құрылыс жұмыстарының мерзімі 2009-2015 жылдарды қамтиды,–деді министр. Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының 78 пайызы жақсы жағдайға жеткізіледі. Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарға Инженер-консультанттардың халықаралық федерациясы – FІDІC шарты енгізілгенін атап өтті. Бұл шарт әлемнің 80-нен астам елінде қолданылатын тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы келісім-шарттың типтік формасы болып табылады. Оның басты артықшылықтары– жоғары сапа, тиімділік, әділеттілік.
Жаңа технологиялар мен материалдар енгізу мақсатында 40 шақты тәжірибелік учаске салынып, оған мониторинг жүргізілуде. «Жұмыстар екі бағыт бойынша, атап айтқанда, көпір құрылысының сапасы және инновациялық материалдар енгізу бойынша жүзеге асырылуда. Осы бағыттар аясында нормативтік база жетілдіріліп, мамандар дайындалады, өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі»,–деді А. Жұмағалиев.
Баспасөз мәслихатында министр БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда

Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда

Астана. Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда. Бүгін Көлік және коммуникация...
ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

Жұма күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің...
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Осы аптаның сейсенбісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен...
ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше...
Пікір: