КӘСІБІН АШҚАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

АҚПАРАТ | 26 қазан 2013 ж. - 03:03 | Көрудің саны: 538
Бейсенбі күні облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстың кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі Жол картасын дайындау мақсатындағы кеңес мәжілісі өткізілді. Кеңес отырысына мемлекеттік қызмет органдары мен бизнес құрылымдар өкілдері қатысты.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аймақтық Жол картасын дайындау ісі кәсіпкерлер мен облыстық мекемелер басшыларымен келісілгеннен кейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі облыстық кеңестің назарына ұсынылды. Осы мәселе жөнінде айтқан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабаева жобаны дайындау барысында бірқатар тармақтардың алынып тасталғанын жеткізді. Нәтижесінде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Жол картасы 16 тармаққа негізделген.
Негізі Жол картасы жобасын дайындау барысында облыстың шағын және орта бизнесін дамытудың жекелеген салаларына ерекше назар аударылған. Мұнан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында ауылдық округтерде семинар-тренингтер өткізу де жоспарланған. Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде облыстың ірі компанияларының қаржыландыруымен ауылдық жерлердегі бизнесті дамытуға да көңіл бөлінбекші.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев бұл жобаны дайындау барысында кеңес мүшелерімен бірнеше мәрте кездесу өткізілгенін жеткізді. Жобаны дайындау барысында әкімшілік кедергілерді азайту мен құжаттарды әзірлеуге баса көңіл бөлінген. Дейтұрғанмен де, жобаны дайындау барысында экономиканы дамытудың барлық саласы қамтылмаған. Сондықтан да оны әлі де толықтыра түсу қажет. Соның ішінде облыста салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан кәсіпкерлер қызмет көрсету орындарын ашуға күш салуы қажет.
Осы орайда облыс әкімі жол картасы бойынша қолға алынар жұмыстың уақыт өткізбей қазірден іске асырылу қажеттігін, керекті өзгерістер болса, оны кезінде толықтырып отыру қажеттігіне назар аударды. Өйткені, бұл уақытты босқа өткізбеудің басты жолы. Алдағы қараша айында жобада көрсетілген он алты пункт бойынша кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар басшылары өз салалары бойынша есеп беруі тиіс. Сонымен қатар, кеңес мүшелері әрбір саланың жұмысын бақылауға алуы қажет.
Мұнан кейін сөз алған «Райм» ЖШС директоры Ерлан Райымов бизнесті дамыту жолында көп кедергілердің кездесетінін тілге тиек етті. Соның бастысы, құжаттарды дайындауға қатысты. Атап айтқанда, сол құжаттарды дайындауға бірнеше ай кетеді. Сондықтан да бұл істі электрондық жүйеге көшіру қажет.
Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы Қ.Көшербаев бизнесін дамытуды бастағандарға алғашқы жылдары қолдау көрсетіліп, жеңілдік көрсету қажеттілігін айтып өтті. Сонда азғантай уақыт ішінде кәсіпкердің аяғынан тік тұрып кетуіне мүмкіндік жасалады.
Сонымен қатар, аймақ басшысы облыстық газеттерде айына бір рет шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде қосымша шығару қажеттігін, онда кәсіпкерлерге қажетті бар мәлімет көрсетілу керектігін айтты. Қажет болған жағдайда екі газеттің мемлекеттік сұраныс көлемі де көтерілетін болады. Жалпы кеңес отырысында Жол картасын жүзеге асыру бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар жөнінде тиісті сала басшыларының есебі тыңдалатынын да атап өтті.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ТӨРТ ТYЛІКТІ ТYЛЕТУ ЖАЙЫ

ТӨРТ ТYЛІКТІ ТYЛЕТУ ЖАЙЫ

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен селекторлық...
ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

Кеше облыс әкімшілігінің мәжіліс залында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму...
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қазақстан...
ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз...
ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде индустриалды-иновациялық ...
ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың...
Пікір: