ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ«Альянс Банк» акционерлік қоғамы басқарма басшылығының 2013 жылғы 22 қазандағы бұйрығымен Мұсабаев Еркінбек Түркбенұлы «Альянс Банк» АҚ Қызылорда филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
Еркінбек Түркбенұлы 1968 жылы 19 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын ғалым-зооинженер, КазГАУ-дың Алматы Банк колледжін банк ісі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы КСРО 50 жылдығы атындағы шаруашылықта аға зооинженер болып бастаған. «Әлем Банк» пен «Тұран Банктің» Қызылорда басқармасында маман,  аға маман, жетекші маман, бас маман, бөлім басшысының орынбасары, «Банк Тұран Әлем» ААҚ Қызылорда филиалының бөлім басшысы қызметтерінде болған.
2000-2012 жылдары «Қазақстан Халық Банк» АҚ және «БТА Банк» АҚ Арал аудандық филиалдарын, «Альянс Банк» АҚ Қызылорда және Ақтөбе филиалдарын басқарып келсе, 2012 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін Қызылорда қаласындағы «Дани-Ер» ЖШС қаржылық директоры лауазымын атқарған.

АҚПАРАТ 29 қазан 2013 г. 631 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031