ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

АҚПАРАТ | 29 октябрь 2013 ж. - 12:23 | Көрудің саны: 423
Дүйсенбіде Астанада өткен брифингте елдегі негізгі ақпараттық басымдықтар туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді. Онда еліміздің Премьер-министрі Серік Ахметовтің 1-қарашада Қырғыз Республикасына ресми сапар жасайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, бүгін Үкімет басшысының қатысуымен елдегі білім және ғылым саласындағы басымдықтар, заң жобалау жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары талқыланады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Әділет министрі Берік Имашевтің баяндамаларын тыңдайды.
30-қазан күні Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтетін Мәжілістің жалпы отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы, сондай-ақ Чехиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобалары қарастырылады. 
31-қазан мен 1-қарашада Алматыда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Халықаралық Бизнес Академиясының 25 жылдығына орай «Әлемдегі дамушы кәсіпкерлік пен бизнес-білім» тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді. Форум жұмысына еліміздің Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев, қазақстандық және шетелдік іскер топтардың көрнекті өкілдері, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, ғалымдары мен сарапшылар қатысады. «Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында 1-қараша күні Көкшетауда аймақтық форум өткізіледі. «ЭКСПО-2017» көрмесін дәріптеумен қатар, қатысушылар өңірдегі «жасыл экономиканың» біршама әлеуетіне ие энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, көлік, қалдықтарын кәдеге жарату жайында пікір алмасуға ниетті»,–деді А.Әбибуллаев.
Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысқан еліміздің Қаржы министрі Болат Жәмішев электрондық мемлекеттік сатып алулар туралы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. «Қаржы министрлігі мен Үкіметтің бірнеше жыл бойы дегендерінен  қайтпай, мемлекеттік сатып алулар жүйесін қолданысқа енгізулерінің себебі ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады. Электронды сатып алулар дегеніміз – барлық өтінімдер тек электрондық форматта берілетін және ұсыныстар да сондай әдіспен тіркелетін құрал. Әзірленіп жатқан заң жобасында келісімшарттардың электрондық форматта берілу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, 2014 жылғы 1-қаңтарынан бастап заңнамаларға сәйкес, ол Бірыңғай экономикалық келісімнің шарттарына да сәйкес болады. Еліміздегі сатып алуларға ресейлік және беларусь кәсіпорындары да қатыса алады», –деп түйіндеді өз сөзін министр.
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ.



Сондай-ақ... оқыңыз:

ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

Келер айда ел Парламенті «Алкогольді өнімдер мен этил спиртін өндіру және айналымын...
БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық Үкімет отырысында...
ТМД КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

ТМД КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі баспасөз...
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

Қазір Қазақстан жаһандық сауда-экономикалық кеңістіктегі өркениетті елдер санасатын...
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Осы аптаның сейсенбісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен...
Пікір: