МАУСЫМҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

АҚПАРАТ | 31 октябрь 2013 ж. - 09:08 | Көрудің саны: 468
Алдағы жылу маусымына «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық кәсіпорны бірқатар дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізді. Кәсіпорынның негізгі және қосымша қондырғылары, қазандықтар, жылу жүйелері, ғимараттар жөндеуден өткізілді. Бүгінгі таңда оңтүстік қазандық жылу маусымын атқаруға дайын. Сонымен бірге, жылу жүктемесін көтеруге алты қазандық әзір. Осы алты қазандықтың жылу маусымы кезінде біреуі қосалқы режимде тұратын болады.
Орталықты және оның қазандықтарын отынмен қамтамасыз ету мақсатында газ жеткізу үшін «Қазтрансаймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалымен келісім-шарт жасалды. ҚР Мұнай және газ министрлігінің бекітілген кестесі бойынша орталыққа мазут жеткізілетін болады.
Сонымен бірге, жылу орталығы қазандықтары мен басқа да жылу мекемелерінің қондырғылары мерзімінде жөндеуден өткізілді. Белкөл қыстағындағы қазандық жөнделді. Бірқатар қондырғылар Мәскеу қаласындағы зауытта жөндеуден өткізілді.
Жылу қондырғыларын жөндеуден өткізуге және олардың кестеге сай дайындық сапына қойылуына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының көп септігі тиді. Өткен қыркүйек айында №1 қазандықты жөндеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінген болатын. Қазіргі уақытта қазандыққа қажетті барлық қосалқы бөлшектер алынды. Тиісті серіктестіктермен келісімдер жасалды.
Қаланың жылу жүйелері бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, кварталаралық және ішкі кварталдық жылу жүйелері жылудан сақтау материалдарымен қымталды. Бұл өз кезегінде жылу температурасын сақтауға мүмкіндік береді. Жалпы ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын магистральды жылу жүйелерін қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталды. Yстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында барлық жылу жүйелерін сумен толтыру жұмыстары аяқталды. Суды химиялық тазалау цехы, өртке қарсы белгі беру және өрт сөндіру цехтарына жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы комиссия тиісті бұйрыққа сәйкес ғимаратқа зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Қорыта айтқанда, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны бойынша барлық қазандықтар, қондырғылар және жылу жүйелері 2013-2014 жылдардың жылу маусымына қатысты жүктемелерді көтеруге дайын. Бұл маусымға жергілікті атқарушы билік пен кәсіпорын қызметкерлерінің тыңғылықты дайындалғанының айғағы болып табылады.
Саламат ҚАЛЖАНОВ,
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

Елбасының ұдайы атап көрсетіп жүргеніндей, қазіргі таңда экономиканың барлық...
ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қазақстан...
ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз...
МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Әдептілік, инабаттылық, қарттарға деген құрмет – халқымыздың болмысындағы ізгі...
ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Жақында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының...
Пікір: