ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕ – ІЗГІ ПАРЫЗ

АҚПАРАТ | 02 қараша 2013 ж. - 00:47 | Көрудің саны: 843
Биылғы жылы еліміз бойынша алғаш рет аталып өткен Қамқоршылар күні мерекесіне орай Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында қамқоршы мен патронаттық тәрбиешілер, білім басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, балалар үйінің қызметкерлері,  қорғаншы және қамқоршы ұйым мамандарының  қатысуымен «Балаларға қамқорлық – мемлекет саясатының басты бағыты» деген тақырыпта  дөңгелек үстел болып өтті. Оны облыстық балалардың  құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Арман Қаржаубаев жүргізіп отырды.  
Сыр өңіріндегі патронаттық тәрбиедегі балалардың саны 858-ді құрайды. Жыл сайын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз жанұяларында тәрбиелеп отырған отбасылар саны ұлғайып келеді.  Соның нәтижесінде  интернаттық мекемелердегі балалар саны азаюда. 
Дөңгелек үстелге қатысушылар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайы, олардың болашағы жайында кеңінен әңгімеледі.  Сонымен қатар заңгер, психолог, өзге де мамандық  иелері жетім жеткіншектерге  қамқоршы әрі қорғаншы болып жүрген жандарға ақыл-кеңестер берді. Іс-шара барысында жақсы қамқоршы және қорғаншыларға алғыс  хаттар және ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Мәселен, Сырдария  ауданының  тұрғыны  Тұрсынкүл Сейтімова отбасындағы балаларға жақсы қарағаны, үлгілі тәрбие бергені үшін марапатталды. Сондай-ақ жетім әрі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларды  тәрбиелеп отырған өзге отбасыларының да үлгілі істері атап өтілді.
Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ӨРЕЛІ ҰРПАҚ – ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

ӨРЕЛІ ҰРПАҚ – ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Соңғы уақытта отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі тақырыбы биік...
«ПҚҚР» АҚ: Ең бастысы – балалардың күлкісі

«ПҚҚР» АҚ: Ең бастысы – балалардың күлкісі

Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығында дәстүрлі күзгі...
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік...
АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА ДАЙЫНДЫҚ

АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА ДАЙЫНДЫҚ

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы»...
БІЛІМ БИІККЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫРАР

БІЛІМ БИІККЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫРАР

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің үздік...
ЖАСӨСПІРІМДЕР  БАСПАНАЛЫ  БОЛУҒА  ҚҰҚЫЛЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аптаның бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың жетекшілік...
Пікір: