ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҰТАРЫ КӨП

Жаңа оқу жылының қарсаңында "Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы – облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен "Базалық халықаралық құндылықтарды қалыптастыру – рухани-адамгершілік даму мен тәрбие негізі” атты республикалық семинар болып өтті.

Жаңа оқу жылының қарсаңында "Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы – облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен "Базалық халықаралық құндылықтарды қалыптастыру – рухани-адамгершілік даму мен тәрбие негізі” атты республикалық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы "Мәңгілік ел” идеясы аясында "Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша үздіксіз білім беру жүйесі қызметін жетілдіру, өзекті мәселелерді шешу жолдарын айқындау, бағдарлама идеясын жүзеге асыруда тәжірибе алмасу.

Шараға Астана және Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалдары мен "Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы” Адамның үйлесімді дамуы институтының басшылары мен қызметкерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері барлығы 200-ден астам білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

"Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы – облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов семинарды сөз сөйлеп ашқаннан кейін оған қатысушыларға облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов сәттілік тіледі. Бұдан соң "Бөбек” ҰFПББСО” Адамның үйлесімді дамуы адамгершілік-рухани білім беруді енгізу бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Аршагүл Рысбаева бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. Өңірлерден келген өкілдер семинар тақырыбына қатысты қосымша баяндамалар жасады.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде Қызылорда гуманитарлық, заң және техникалық колледжі, №144 орта мектеп және "Шұғыла” балабақшасы базасында шеберлік сыныптар көрсетіліп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Шара барысында арнайы ұйымдастырылған көрме жұртшылық назарына ұсынылып, семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ,

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

АҚПАРАТ 09 қыркүйек 2014 г. 459 0