ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

АҚПАРАТ | 14 сентябрь 2013 ж. - 14:17 | Көрудің саны: 447
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында І Корей мәдени бизнес керуені өкілдерінің қатысуымен басқосу өтті. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев ашып, жүргізіп отырды.
Шараның мақсаты кәріс-қазақ бизнес өкілдері арасында екіжақты тәжірибе алмасу және пікір бөлісу болып табылады. 
Басқосуда алғаш болып сөз алған Алматы қаласындағы Корея республикасы елшілігінің Бас консулы Сон Чхи Кын Корея республикасының экономикалық дамуы жөнінде жан-жақты баяндады. Мәртебелі мейман өз сөзінде Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени, экономикалық әріптестік байланыстың беки түскеніне қуанышты екенін жеткізді және бұл байланыс алдағы уақытта онан әрі дамитынына сенім білдірді.
– Біз Қазақстанның бірқатар оңтүстік облыстарында болдық. Енді, міне, Қызылордада болудың сәті түсіп отыр. Кеше кәріс киносы мен мәдениеті фестивалі өтті. Жақында біздің елдің Президенті сіздердің Елбасыңызбен кездесті. Кездесу өте табысты өтті. Сол кездесуде ЭКСПО-ға дайындық барысы талқыланды. Ал енді біздің ел туралы айтсақ, Корея аз уақыт ішінде экономика жағынан едәуір дамыды. Санға емес сапаға мән береміз. Технологиялық өнім өндіруде екі ел жақсы әріптес бола алады деп ойлаймын, – деді Бас консул. 
Мәжілісте сонымен бірге «Samsung Electronіcs Kazakhstan and Central Asіa» компаниясының президенті Чой Сын Сик және компанияның әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі менеджері Гүлжамал Исаева «Самсунг» компаниясының Алматыдағы қызметімен таныстырса, «Шинхан Банк Қазақстан» корей банкі маркетинг департаментінің директоры Виталий Ким мен Қазақстандағы «Корес» өкілдігінің директоры Ким Джон Ин өз өкілдіктерінің жұмысына тоқталды. Шара барысында екі жақты сұрақ-жауап, пікір алмасуға кезек берілді. 
Айнұр БАТТАЛОВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Н.Нығматулин: ҚР Президентінің халықаралық биік беделі – ынтымақтастықты кеңейтудің мызғымас негізі

Н.Нығматулин: ҚР Президентінің халықаралық биік беделі – ынтымақтастықты кеңейтудің мызғымас негізі

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан-Қытай...
Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді

Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді

Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық...
ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде индустриалды-иновациялық ...
ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ БЕРЕДІ

ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ БЕРЕДІ

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келген Испания...
ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

Қазір Қазақстан жаһандық сауда-экономикалық кеңістіктегі өркениетті елдер санасатын...
ЕЛШІЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕЛШІЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше «Алекс» би өнері мектебінде Корей Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен...
Пікір: