ҚАЗАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

АҚПАРАТ | 05 қараша 2013 ж. - 09:46 | Көрудің саны: 825
Келелі кеңес
Нақты кезеңде ауыл шаруашылығын дамыту жайы тұрақты күн тәртібінде тұр. Бұл төңіректе Үкімет тарапынан жасалынып жатқан жеңілдіктер аз емес. Ал мұндай жанашырлықты  көпшілікке насихаттау –баршаның парызы. Қазалыда облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаевтың қатысуымен өткен келелі кеңесте бірқатар мәселелер талқыланды. 
Жиынды жүргізген Рзақұл Сәденұлы ауылшаруашылық саласындағы жетістіктермен қатар, түйінді түйткілдерге де кеңінен тоқталды. Жем-шөп дайындау, балық кәсіпшілігін дамыту, өңдеу  жұмыстарын нақтылай түсуді құзырлы орындарға қадап тапсырды. Тәжірибелі басшының назарынан «жүн, тері өңдеуді неге ұқсата алмай келеміз?» деген сауал да қалыс қалмады. Жиында Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап хабарлама жасап, Майлыбас ауылдық округінің әкімі Әлішер Мәмбетов, байырғы мал маманы Жарылқаған Аманов өз пікірлерін ортаға салды.
Қобызшылар байқауы
«Жанкент» сөзі киелі қобыздың иесі Қорқыт бабамызды жадымызға оралтатыны анық. Жуырда мәдениет орталығында өткен «Жанкент – Қорқыт – Қобыз» атты облыстық қобызшылар байқауы тартымдылығымен ерекшеленді. Шараны мәдениет басқармасы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. 
Сайысты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов құттықтау сөзбен ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі. Өнер додасына танымал қобызшылар Ғани Мұратбаев атындағы мұражайдың директоры Арман Әуез, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы Бақыт Кәрібаева, сазгер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов қазылық жасады. Сайыс екі кезең бойынша өтті. Қорқыт, Ықылас күйлерінен және халық шығармаларынан туынды орындаған талапкерлерге көреремендер қызу қошемет жасады. Нәтижесінде қазалылық Ақбота Отарәлиева бас жүлдені жеңіп алды. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

БИІК ШЫҢ, АСУ БЕРМЕС АСҚАР АҚЫН

БИІК ШЫҢ, АСУ БЕРМЕС АСҚАР АҚЫН

 Жуырда Сырдың саңлақ ақыны Асқар Тоқмағамбетовтің шығармаларына арналған «Биік...
ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Қарағанды облысының мәдениет және өнер күндері аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық...
МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

Өткен жұма күні облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында осындай...
ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын насихаттау тұрақты дәстүрге айналды. Әсіресе...
ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Қазалы ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Ақ босаға»...
ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

Мәдениет орталығындағы әсерлі кеш көрермендер жүрегінде ұзақ уақыт сақталатыны анық....
Пікір: