ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ СҰРАУСЫЗ ЕМЕС

АҚПАРАТ | 05 ноябрь 2013 ж. - 10:09 | Көрудің саны: 488
ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ СҰРАУСЫЗ ЕМЕСЕлімізде жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар көптеген күрделі мәселелердің шешім табуына негіз болды. Бірнеше саланың шатқаяқтаған тірлігін төрге сүйреп, өрге шығарған осы бағдарламалар екені даусыз. Миллиардтаған қаржы құйылған бастамалардың беталысы жаман емес, игілігін халық көруде. Бірақ, "елге болсын” деп бөлінген қазына қаражатын ысырап ету деректері бүгінгі қоғамның көзіне шыққан сүйел сияқты. Бұқаралық ақпарат құралдарынан "жеп қойыпты, ұсталыпты” деген мәліметтер күнделікті ауа райын хабарлағандай айтылатын болды. 
Бейсенбіде журналистердің басын қосқан облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев жыл басынан бері аймақта орын алған жағдайларға тоқталды. Қаржы полициясы анықтаған сыбайлас жемқорлық сипатындағы 87 қылмыстың 67-нің тергеу өндірісі аяқталған. Айыптау қорытындысы шығарылған 60 іс сотқа жолданған. Тоғыз айдың ішінде мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржыны талан-таражға салғандарға 8 қылмыстық іс тігілген. "Қолжетімді тұрғын үй-2020”, "Аймақтарды дамыту” бағдарламаларынан "үлес” алғысы келгендер мемлекетке 39,9 млн теңге залал келтірген. 
Қызылорда  қалалық құрылыс бөлімі өткізген Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі №8 тұрғын үйдің құрылысын салу конкурсын жеңіп алған "Н.С.С-КZ” ЖШС-ның лауазымды тұлғалары қараша-желтоқсан айларында 28,8 млн. теңгенің жұмыстары толық атқарылмаса да, 80 млн. теңгеге жалған қабылдау актілері толтырылған құжат тапсырған. Ал қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы  Б.Е. осы құжаттарға қол қойған. "Н.С.С-КZ”-тің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс алдын ала тергеу кезінде залал өндірілгендіктен қысқартылды. 
Департамент қалалық құрылыс бөлімінің тағы бір бас маманы Д.Д, "Сыр құрылыс” ЖШС директоры Т.А, "Стройтехнопроект КЗ и К” ЖШС техникалық қадағалаушысы Ж.Б-ға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Департамент қалалық құрылыс бөлімінің тағы бір бас маманы Д.Д, "Сыр құрылыс” ЖШС директоры Т.А, "Стройтехнопроект КЗ и К” ЖШС техникалық қадағалаушысы Ж.Б-ға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Өткен жылдың аяғында жоғарыда аталған көшедегі №9 тұрғын үйдің  құрылысын салуды жеңіп алған  "Сыр құрылыс” ЖШС басшысы жұмыс толық аяқталмаса да, Ж.Б-мен келісіп, желтоқсанға атқарылған жұмыстарды қабылдау актісіне өзгерістер енгізіп өткізген. Ал құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы өз қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланып, қабылдау актісіне қол қойып берген. Қылмыстық істі алдын ала тергеу барысында 11 млн. теңге залал өндірілген соң, іс қысқартылды. 
Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округі әкімі А.Қарғабай "Шарх” ЖШС директоры Е.Қалиевтан қолма-қол 350 000 теңге мен атқарылмай қалған жұмысты өз мойнына алып, мал өлекселерін жоятын орын салу үшін бұрын қолданылған құрылыс материалдарын пайдаланған. Атқарылмаған 121680 теңгенің жұмысын орындалғанға жатқызып, актіге қол қойған. Шиелі аудандық соты А.Қарғабайды кінәлі деп тауып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. 
Әлеуметтік нысандар, мектептер мен балабақшалар, ауруханалар құрылысынан ақша жымқырушыларға қолданылған жаза осы қылмысқа саналы түрде баратындарға сабақ болмай тұр. Арал ауданы, Аманөткел аулындағы 300 орындық мектеп салу үшін өткізілген конкурс жеңімпазы "SCS Инжиниринг” ЖШС лауазымды тұлғаларына алаяқтық жолмен құрылысты толық аяқтамай, жалған қабылдау актілерін өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.  Қазіргі уақытта іс тергеуде. Осы аудандағы Сексеуіл станциясына салынған клуб құрылысының мердігері – "СК Арғын-Құрылыс” ЖШС-ның лауазымды тұлғалары нысанды толық аяқтамай, көрсетілген сенімге қиянат жасаған. Аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлап, жалған құжат жасап, мемлекетке 35,2 млн. теңге зиян шектірген. Осы уақытта серіктестік директоры Е.Шакиев сот санкциясымен қамауға алынып, іс тергелуде.  
Қаржы полициясы қызметінің бір саласы көлеңкелі экономикамен күрес екені белгілі. Өткен жылдың 9 айында алкогольдік өнімдер мен спирттің заңсыз айналымына байланысты 9 қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз айналымнан 11,3 млн. теңгенің 25125 литр спирті айғақ ретінде тәркіленді. Жалған есептік-бақылау маркалары жапсырылған 56510 дана арақ-шарап алынған. Арнайы рұқсатсыз, салық органдарына тіркелмей 7500 литр спиртті сатуға оқталған Қ.Сақтағанов 1жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын арқалады. Спирт мемлекет кірісіне тіркелінді. Ал "Циркон” ЖШС директоры А.Ризаев жалға алынған ғимаратта арнайы мемлекеттік рұқсатсыз алкогольдік өнімдер сақтаған. Кәсіпкерлік қызметті де рұқсатсыз атқарып келіпті. Сот оған 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге, құны шамамен 110 млн. теңгені құрайтын алкоголь өнімін мемлекет кірісіне тәркілеуге үкім шығарды.
Қоғамның өзегіне түскен жегі құрт – жемқорлықтың жолын кесу ел  болашағы жолындағы стратегиялық мәнге ие басымдық. Қазына қаражатын қалтасына басып, жалған құжаттар толтырып, оңай олжаға құныққандар түптің түбінде жазадан құтылмасы анық. 
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
Жаңақорған ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫН ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕР ПРОКУРОР САНКЦИЯСЫНСЫЗ АЛЫНҒАН

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫН ҚҰРАЙТЫН МӘЛІМЕТТЕР ПРОКУРОР САНКЦИЯСЫНСЫЗ АЛЫНҒАН

Қызылорда қалалық прокуратурасы өткен 9 айда қылмыстық ізге түсу органдарының...
Мемлекеттік сатып алу тәртібі өзгереді

Мемлекеттік сатып алу тәртібі өзгереді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен...
Жол ережесін бұзғандарға жаза ауырлайды

Жол ережесін бұзғандарға жаза ауырлайды

Бұл туралы «Қазмедиа» орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің...
Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД елдері арасында жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған...
Қылмыстың алдын алу жәйі талқыланды

Қылмыстың алдын алу жәйі талқыланды

Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында «Аудан көлемінде 2013-жылдың...
Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Қызылорда. Облыстық прокуратура органдары үстіміздегі жылдың 9 айында сыбайлас...
Пікір: