ЖОБАЛАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАЙҚАЛАДЫ

Облыстық баспасөз клубында кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап брифинг ұйымдастырды. Онда жаңа атауға ие болған басқарманың алдағы міндет-мақсаттары мен өңіріміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы сөз болды.
Басқарма басшысының орынбасары Құрманкүл Датқабекова шағын және орта кәсіпкерлік саласында 173 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірілгенін айтты. Оның мәлімдеуінше, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013 жылға 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері аймақтық үйлестіру кеңесімен 71 жоба мақұлданды. Оның ішінде Сырдариядан – 5, Қазалы және Қармақшы аудандарынан – 2, Арал мен Жалағаштан  1 жоба бар. Қ.Датқабекованың айтуынша, ауыл тұрғындары бұл бағдарламаның түпкі мақсатын әлі жіті түсінбей отырған көрінеді. Өйткені, олардың кәсіпкерлікпен шұғылдануға деген  белсенділігі төмен. Тіпті, облыстың кей аудандарынан бірде-бір жоба келіп түспеген. 
Мұнан кейін басқарманың бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Досжанов өңір экономикасын өркендету аясында жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды. Мәселен, Титов қыстағындағы индустриялық аймаққа орналасатын нысандарға сыртқы инженерлік желілер, «»Тату Агро» ШҚ-ның «Томат» өнімдерін шығаратын цех жобасына сыртқы электр желілерінің құрылысы, «Шиелі тас-Оңтүстік» ЖШС әк зауытының құрылысы аясында уақытша ИЛ-10 Кв қосу, «Қамыстыбас көлінің жағалауында демалыс аймағы жобасы және «Жан-Арай Жем» ЖШС-ның қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт құрылысының жобалары республикалық бюджеттік комиссия отырысында қолдау тапты. 
Баспасөз мәслихатында басқарма мамандары журналистердің сауалдарына жауап берді.
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 07 қараша 2013 г. 532 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031