ӨҢІРЛІК ПАЛАТАНЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫ

АҚПАРАТ | 16 ноябрь 2013 ж. - 11:23 | Көрудің саны: 558
Қыркүйек айында ҚР Үкіметі мен «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы шешім қабылдаған болатын. Ұлттық палата кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік етуді, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізуді қолға алмақ. Сондай-ақ ұлттық палата отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыруға, кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыруға, инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыруға мүдделі. 
Кеше ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің, облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің, кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаровтың, облыс бизнесмендерінің қатысуымен облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жақында тіркелген кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі құрамына Қызылорда қаласынан және  барлық аудандардан 20 кәсіпкер енді.
Отырыста тиімді бизнес ахуал қалыптастыру мәселелері, ұлттық палатаның жоспарлары талқыланды. Басқарма төрағасы кәсіпкерлердің өңірлік палатасы аймақтағы іскер азаматтардың мүдделерін қорғауға, бизнесті дамытуға мүмкіндік жасауға ықпал ететінін айтты. 
«K-Group LTD» ЖШС басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған әкімшілік кедергілер, рұқсатнамалар алудың машақаты, қағазбастылық, қаржылық қолдаудың, құқықтық көмектің жетілдірілмеген тұстары туралы ойларын ортаға салды. Енді мұндай түйткілдер палата басқосуларында талқыға түсіп, шешу жолдары ұсынылмақ.
Отырыс соңында кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы болып Асқар Махамбетов сайланды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

САПАЛЫ ӨНІМ ӘРҚАШАН СҰРАНЫСТА

САПАЛЫ ӨНІМ ӘРҚАШАН СҰРАНЫСТА

Ұлттық экономиканың қозғаушы күші ретінде кәсіпкерлік сала жылдан жылға өрістеп...
Кәсіпкерлерге арналған семинар

Кәсіпкерлерге арналған семинар

Қызылорда. Қала әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп кәсіпкерлікті қолдау, осы...
КӘСІБІН АШҚАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

КӘСІБІН АШҚАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бейсенбі күні облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен...
БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық Үкімет отырысында...
КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Республикалық деңгейде жүргізілген «Мектепке жол» акциясы аясына Қызылорда...
ОБЛЫС ӘКІМІ ТӨРАҒАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТӨРАҒАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы...
Пікір: