КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢІСТІГІ

АҚПАРАТ | 16 ноябрь 2013 ж. - 11:27 | Көрудің саны: 534
«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры биылғы жылдың наурыз айынан бастап «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жоба аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Конфессияаралық келісім – татулық кепілі» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. 
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен өткізілген шараға аудандық ішкі саясат және білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері, мешіт имамдары қатысты. Конференция тізгінін «Сырдария-Руханият» қоғамдық қорының директоры Тұрар Әбуов ұстады. 
Шара барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Бақытжан Камалов өңірдегі діни ахуалға тоқталды. «Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм еліміздің әрбір азаматының қандай да бір ұлттың өкілі екеніне, діни сеніміне қарамастан, осы жердің нағыз азаматы екенін сезінгенде ғана қалыптасады. Қазақстанда ұлтаралық келісім сақтауда Елбасының сындарлы саясатының арқасында  еліміздегі барлық конфессиялардың құқықтары ата заң шеңберінде  қорғалып келеді. Барлық ұлттардың өз мәдениетін, білімін, салт-дәстүрін, діни  сенімін сақтауға жетілдіруге мемлекет тарапынан тұрақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгінде облыс бойынша діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру және «Қамқорлық» дағдарыс орталығы жұмыс жасауда. Онда жоғары білімді дінтанушы, заңгер және психолог мамандар қызмет етеді»,–деді басқарма басшысы. 
Мұнан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығының меңгерушісі А.Жұмабаев, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Н.Махамбетов баяндама жасады. Конференция соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, мамандар тарапынан сауалдарына жауап алды. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ИМАМДАР  БІЛІМДЕРІН  ЖЕТІЛДІРУДЕ

ИМАМДАР БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

Қазіргі кей жастардың діни наным-сенімге деген еркіндікті өз мәнінде түсінбей,...
ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Ұлағатты ұрпақ –...
Дін тақырыбында әңгіме өрбітті

Дін тақырыбында әңгіме өрбітті

Жаңақорған. Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын көтеру және діни экстремизмнің...
Жастарды діни ағымдардан сақтайық

Жастарды діни ағымдардан сақтайық

Арал. Қалалық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен...
ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Қарағанды облысының мәдениет және өнер күндері аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық...
ИМАМДАР БIЛIМIН ЖЕТIЛДIРЕТIН БОЛДЫ

ИМАМДАР БIЛIМIН ЖЕТIЛДIРЕТIН БОЛДЫ

Арал аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық орталық мешітте...
Пікір: