ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Жексенбі күні Қызылорда қаласының әуежай аумағында «Тосқауыл-2013» арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Аталған оқу-жаттығуға Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының командалық құрамы, облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері мен «Қорқыт Ата» әуежайы ААҚ-ның қауіпсіздік бөлімі, денсаулық басқармасының жедел жәрдем қызметі және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерлер взводы тартылды. 
Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде арнайы белгі бойынша Қызылорда қаласының әкімдігі, облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, Қызылорда облысы бригадасына тіркелген командалық құрамды «Сырдария» оқу-жаттығу лагеріне орналастырды. Екінші кезеңде, «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» мекемесінде қатысушыларға ұрыстық дайындықтан (саптық, тактикалық және атыс дайындықтарынан) дәрістер өткізілді. Жаттығудың соңғы кезеңінде командалық құрам «Қорқыт ата атындағы» ААҚ әуежай нысанына диверсиялық барлау тобының шабуылына тойтарыс беру бойынша бірлескен іс-қимылдарын практикалық жағдайда іске асырды. 
Оқу-жаттығу барысында басшылық және аумақтық командалық құрам әскери біліктілік пен тактикалық шеберліктерін көрсете білді. Тактикалық оқу-жаттығу осындай оқиға бола қалған жағдайда онымен күресудің тәсілдерін пысықтауға арналды. Диверсанттардың жолын кескен аумақтық құрам өкілдеріне облыс әкімі орынбасары Р.Нұртаев оң баға беріп, күштік құрылымдарды облыс әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.                       
Биылғы өткізіліп отырған оқу-жаттығудың ерекшелігі, аса маңызды стратегиялық нысан саналатын, келешекте халықаралық әуе қатынастарын қамтамасыз ететін «Қорқыт Ата» әуежайында өткізілуі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті жоғарылату болып табылады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

АҚПАРАТ 19 қараша 2013 г. 492 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031