ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

АҚПАРАТ | 19 сентябрь 2013 ж. - 16:43 | Көрудің саны: 666
16 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы аумағындағы бірқатар нысандарды аралады. Бірінші кезекте «Қорқыт ата» әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жаңадан салынатын халықаралық жолаушылар терминалының жобасын талқылады.
Әуежайдан кейін аймақ басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік жолында салынып жатқан аспалы көпір құрылысын көріп, мердігер компания басшыларының хабарламаларын тыңдады. Одан кейін әкім қалаға қарасты Талдыарал елді мекеніндегі 100 орындық жаңа мектеп ғимаратын аралап көріп, ұстаздар қауымымен, оқушылармен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауыл ақсақалдары небәрі үш ай ішінде салынып, пайдалануға берілген мектепке дән разы екендіктерін жеткізді. Онда еңселі сынып кабинеттерінен бастап, спорт залы, акт залы, асханаға дейін уақыт талабына сай салынған. Облыс басшысы, сонымен қатар, орталық стадион маңында салынып жатқан «Мұз айдыны» спорт кешеніндегі, теміржол станциясындағы абаттандыру жұмыстарының сапасын көріп, ұсыныстарын жеткізді. Одан кейін аймақ басшысы Титов қыстағында апаттық жағдайдағы пәтерлердің тұрғындары үшін салынып жатқан 24 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысын көріп, тұрғындармен жүздесті. Бірнеше күнде құрылысшылар үйдің іргетасын қалап, қабырғасын көтере бастайды. Осы жерде өңір басшысы кешенді мердігер компанияның жетекшілеріне жаңа жылға дейін пайдалануға беруді қатаң тапсырды.  
Титов қыстағында апатты жағдайда тұрған қосқабатты екі үйдің орнына облыс басшысы жаңадан кешен салдыру туралы бір ай бұрын шешім қабылдаған еді. 
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Сәрсенбіде облыс орталығынан «Қызылорда-Семей» және кері бағытқа қатынайтын қосымша...
ТУҒАН ҚАЛАҒА ТОЛЫМДЫ ТАРТУЛАР

ТУҒАН ҚАЛАҒА ТОЛЫМДЫ ТАРТУЛАР

Қала күні құрметіне арнайы салынған аллеяларды аралаған аймақ басшысы Қырымбек...
ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІРДЕ ӨМІРШЕҢ ІСТЕР МОЛ

ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІРДЕ ӨМІРШЕҢ ІСТЕР МОЛ

Жексенбі күні облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының...
КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН

КЕЛЕШЕККЕ – КЕМЕЛ БІЛІММЕН

Кеше облысымызға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс...
КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа...
БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың жұмыс сапары осы күні Қармақшы ауданының Төретам...
Пікір: