АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

АҚПАРАТ | 21 ноябрь 2013 ж. - 10:19 | Көрудің саны: 535
Жуырда Шиелі ауданының Алмалы ауылында ауыл жастарына арналған спорт кешені ашылды. 
Бұрынғы кеңшар кеңсесі бірнеше жылдан бері жеке кісілерге бөліске түсіп, қараусыз қаңырап тұрған-ды.  Осы ескі ғимаратты ауыл тұрғындары ортақ мәміле арқылы кәдеге жаратуға сөз байласып, жаз айларында жөндеуге кірісті. Қолының ебі бар жігіттер құрлыс жұмыстарын өздері жүргізсе, жағдайы бар кісілер қаражаттан қарасты. Олардың арасында кәсіпкерлер Рабиға, Рабибі Нұржановалар, су маманы Әлияр Сейітов және электрик Шардарбеков бар.  Осы істің басы-қасында ауыл әкімі Өмірхан Әбдікәрімов жүрді. Сонымен 450 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 600 мың теңгеге жаттығу жабдықтары сатып алынды.  
Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Құлшықбаев, аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өркен Исмайл қатысып сөз сөйледі. Соңынан еңбек ардагері Сайпархан Кенжебековтің атында кіші футболдан еске алу турнирі өткізілді. 
Аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы Нариман Сапарбай осындай игі шараларды барлық ауылда насихаттау жұмыстарының жүргізілетіндігін, ал, мына Алмалыдағы спорт кешеніне бір маманды штат кестесіне сай тағайындауды ойластырып жатқандықтарын айтты. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ. 
Шиелі ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«МҰЗ АЙДЫНЫНА» МАМАНДАР ҚАЖЕТ

«МҰЗ АЙДЫНЫНА» МАМАНДАР ҚАЖЕТ

Облыстық баспасөз клубында қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелеріне байланысты сала...
БЕЛГІЛІ ФУТБОЛШЫНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

БЕЛГІЛІ ФУТБОЛШЫНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Жақында футболдан «Қайсардың» беделді ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған...
ЕЛІМЕН БІРТҰТАС ТУҒАН ЕР

ЕЛІМЕН БІРТҰТАС ТУҒАН ЕР

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске...
ҚАЙТА ОРАЛҒАН «ҚАЙСАР»

ҚАЙТА ОРАЛҒАН «ҚАЙСАР»

Кеше Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында биыл футболдан бірінші лигада кіші...
Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Жаңақорған. Ауданның М.Нәлібаев ауылында еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға...
ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

16 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы аумағындағы...
Пікір: