ЖӨЛЕКТІКТЕР ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

АҚПАРАТ | 23 ноябрь 2013 ж. - 21:56 | Көрудің саны: 475
Аймағымызда жарияланған санитарлық - тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы Шиелі ауданының Жөлек аулында қарқынды жүргізіліп келеді. 
Жиын-теріммен қоса қыркүйек-қазан айларында тазалыққа да барынша мән берудің маңызы зор. Осы орайда Жөлекте мекеме ұжымдары ауыл көшелерін өз жауапкершіліктеріне бөліп алып жаппай кірісті. Олармен бірге, көше комитеттері де өз көшелерінің тазалығына атсалысу үстінде. 
Әр сенбіде ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары санитарлық- тазалық жұмысына қатысып, көше бойындағы арықтарды, үй айналасын тазартуды әдетке айналдырды. Осылай ауыл үлкендері кейінгі жастарға үлгі көрсетіп келеді. Екі айлықтың соңғы сенбісінде ауыл тұрғындары «Беген Ата» қорымының басында болды. Ауылдың азаматы, кәсіпкер Ерлан Әбиевтің демеушілігімен қорым басына 3 техника әкелініп, таңнан кешке дейін бірталай жұмыстар атқарды. Қорымның  кірер дарбазасы ауыстырылып, жаңадан жол салынды. Сол күні сенбілікке жиналған 50-60 адамға ол мал сойып, аруақтарға арнап құран оқытып жүрген де осы ауыл азаматы. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» демекші, ауыл ақсақалдары Ерланға ризашылығын білдіріп, батасын берді. 
Сенбілікте ауыл әкімі Бегімтай Сатаевтың өзі бас болып жүрсе, ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Пункітбай Отарбаев бастаған ауыл ағалары  да шамалары келгенше қызмет жасады. Ауыл жастары да ұйымшылдық көрсетті.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы. 


Сондай-ақ... оқыңыз:

АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

АЛМАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жуырда Шиелі ауданының Алмалы ауылында ауыл жастарына арналған спорт кешені...
КӨПКЕ ЖАҚҚАН, БАҒДАРЛАМА БАБЫН ТАПҚАН

КӨПКЕ ЖАҚҚАН, БАҒДАРЛАМА БАБЫН ТАПҚАН

Бестам ауылдық  округінің  әкімі  Нұржан Жақыпов үстіміздегі жылдың...
Ауыл жастарының слеті өтті

Ауыл жастарының слеті өтті

Арал. Аудан орталығында «Ауыл жастары – ұлттың рухани байлығы атауымен ауыл...
Ауыл жолдары жөндеуден өтті

Ауыл жолдары жөндеуден өтті

Қазалы. Аранды ауылдық округі Қожабақы ауылында автокөлік жолдары жаңаланды....
ҚЫЗЫЛЖАРМА ҚАНАТТАНЫП КЕЛЕДІ

ҚЫЗЫЛЖАРМА ҚАНАТТАНЫП КЕЛЕДІ

Ауылдың гүлденуі мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінің кепілі екендігі белгілі. Осы...
ШИЕЛІНІҢ  ШЫРАЙЫ

ШИЕЛІНІҢ ШЫРАЙЫ

Шиелі ауданында елді мекендерді көркейту-көгалдандыру және тазалық сақтау мәселесіне...
Пікір: