ҰҚСАТА БІЛГЕНГЕ ЖҮГЕРІНІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Венгрия мемлекетінің бас консулы Блауман Ференцті  қабылдады. 
Отыз жылдан астам уақыт өз елінің алыс-жақын шет мемлекеттердегі кеңесшісі, елшісі қызметтерін атқарған, 2011 жылдың қыркүйек айынан бері Венгрия Сыртқы Істер министрлігінің Оңтүстік Кавказ бен Орта Азия мемлекеттеріндегі жетекші референті, өз ана тілінен өзге ағылшын, француз және орыс тілінде сөйлей білетін  Блауман Ференц БАҚ өкілдеріне өзінің Сыр еліне келгендегі мақсатын әңгімеледі. 
Венгрия мемлекетінде ауыл шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Онда әсіресе жүгері өсіру, оның өнімін тиімді пайдалану жағы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде. Сыр өңірінде де жүгері өсіріледі. Алайда, одан алынатын өнімді ысырапсыз  пайдалану жеткіліксіз. Облыс аумағы жүгері  өндірісін дамытуға қолайлы, ауа-райы да дақылдың уақытылы өсіп-жетілуіне мүмкіндік туғызады. 
Сонымен Бас консулдың айтуынша, екі ел арасындағы алғашқы қадам жасалды. Жүгері кластерін жетілдіру, оған пайдаланылатын техника, бөлінетін қаржы, жұмсалатын шығын мөлшері алдағы кездесулерде шешілуі әбден мүмкін.  
Жұмагүл БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 537 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031