НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық жиналыс шешімімен былтыр Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Қызылорда филиалы мекемесінде «Кадастр» бастауыш партия ұйымы құрылған болатын. Жиырмаға жуық қызметкері бар ұйым төрағалығына филиал жетекшісі Берік Жұманазаров, ұйымы хатшылығына Болат Нұртай сайланды.
Бастауыш партия ұйымы бүгінгі күнге дейін қала, облыс деңгейіндегі партия ұйымдастырып жатқан іс-шараларға белсенді түрде атсалысып келеді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бекіткен кестеге сай, БПҰ төрағасы Б.Жұманазаров қоғамдық қабылдау бөлімінде жер кадастры, ондағы күрделенген мәселелерді оңтайлы әрі жылдам шешу, кеңес беру мақсатында айына бір мәрте жеке қабылдау жүргізіп келеді.
Жуырда «ЖерҒӨО» РМК  «Кадастр» бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Оған қалалық мәслихат хатшысы, Саяси кеңес мүшесі И.Құттықожаев қатысты. Жиында Ибадулла Дүйсенбайұлы «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясының жаңа міндеттері туралы баяндама жасады. БПҰ хатшысы Болат Нұртай қатысушыларды «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның саяси доктринасымен таныстырды. Жиын соңында мәжіліске қатысушылар баяндамашыларға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 
Нұрбек Дәуренбеков.

АҚПАРАТ 23 қараша 2013 г. 813 0