КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

АҚПАРАТ | 28 ноябрь 2013 ж. - 08:32 | Көрудің саны: 585
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Онда аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған жол картасы мен кеңестің өткен отырысының хаттамасының орындалуы талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов кәсіпкерлерді банктің қатысуынсыз тікелей қаржыландыру, облыстық кәсіпкерлікті қолдау қорын құру туралы ұсыныстың талқылану сатысында екенін айтты. Бүгінде "Байқоңыр” ӘКК-на қарасты "Қызылорда қаржы компаниясы” ЖШС-ның функционалдық қызметтерін кеңейтіп, несиелендіру жүйесін жетілдіру ұсынылған. Сондай-ақ, бизнесті алғашқы 3 жылда қолдау үшін жеңілдіктер жасау туралы Үкіметке хат жолданды. 
Облыс халқының өмір сүру деңгейін зерттеген мамандар күнкөріс минимумынан төмен табыс табатын тұрғындар саны азайғанын анықтады. Алдағы уақытта іске асырылатын инвестициялық жобаларға талдау, түгендеу жүргізілуде. 
Кеңес отырысында "Қазақстанның өңірлік дамуы” жобаның сарапшысы Қалдыгүл Қанапина "Аймақтардың өзара экономикалық байланыстары” жобасын таныстырды. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін атқарылатын шаралардың ауқымы зор. "Қазақстанның өңірлік дамуы” жобасы 4 жылға межеленген. Жоба 3 пилотты аймақта жүзеге аспақ. Осы күндері сарапшылар  аймақтағы орта және шағын бизнестің дамуына толыққанды талдау жасауда. Ұлыбританиядан келген осы саладағы сарапшы Эндрю Шафернакер алдағы күндері кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибесімен бөлісуге дайын. 
Одан әрі сөз алған "Аквалайн” ЖШС директоры Ғалымбек Жақсылықов кәсіпкерлерге электр энергиясына алдын ала төлем жасауды алып тастау туралы ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге тариф таңдау мүмкіндігі берілсе, көп мәселе шешім табады. Серіктестік директоры облыс орталығынан көрме залын ашу өндірілген өнімдерді ұдайы таныстыруға жол ашатынын айтты. 
Жақында өткен ІІ Байқоңыр инвестициялық форумында бірқатар салалар бойынша меморандумдарға қол қойылғаны белгілі. Облыстық сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Назаровтың мәліметіне қарағанда, форумда  17 меморандум жасалған. Қаржы институттарымен, оқу орындарымен, инфрақұрылымды дамыту, коммуналдық жүйені жаңғырту, ауыл шаруашылығы, жол бойындағы сервистік қызмет, туризм  салалары бойынша  жасалған келісімдер бойынша жауапты тұлғалар бекітілген. Олардың орындалуы бақылауда. 
Кеңесте "Раим” ЖШС директоры Ерлан Раимов қонақ үй мен мейрамхана бизнесі өкілдеріне арнап оқу семинарларын ұйымдастыруға қатысты ұсынысын айтты. Бұл салада білікті менеджерлердің жетіспеушілігі мейрамхана бизнесінің алға жылжуына мүмкіндік бермей отыр. Бір қуанарлығы, Қызылорда облысы өңірлердің арасында алғашқы болып еңбек ресурстарының балансын жасады. Ол бойынша аймақтағы еңбек нарығында сұраныс жоғары мамандықтар тізімі жасалды. Осы сараптама бізде 4 мыңға жуық қажетсіз мамандық алған азаматтардың бар екенін анықтап берді. Қазіргі уақытта оларды басқа мамандыққа бейімдеу жүргізілуі керек. Мейрамхана мен қонақ үй саласында қызмет көрсетуші мамандарды дайындау үшін бәсекелестік орта қалыптасса, олардың қызметіне сұраныс та артады. 
Облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің құрамына аудандардан өкілдер енгізу туралы ұсынысты "Сымбат ойл” ЖШС  директоры Сейітқали Алшынбаев  жеткізді. Кеңестің келесі отырысында  аталған мәселелер талқыланып, кәсіпкерлікті дамыту жол картасының орындалу барысы қаралады.  
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖҰМЫСПЕН  ҚАМТУДЫҢ  ОҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Бейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен "Жұмыспен қамтудың жол...
ӨҢІРЛІК ПАЛАТАНЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫ

ӨҢІРЛІК ПАЛАТАНЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУЫ

Қыркүйек айында ҚР Үкіметі мен «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер...
ЖОБАЛАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАЙҚАЛАДЫ

ЖОБАЛАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАЙҚАЛАДЫ

Облыстық баспасөз клубында кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары...
Кәсіпкерлерге арналған семинар

Кәсіпкерлерге арналған семинар

Қызылорда. Қала әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп кәсіпкерлікті қолдау, осы...
КӘСІБІН АШҚАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

КӘСІБІН АШҚАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бейсенбі күні облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен...
ЖОЛ АПАТТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

ЖОЛ АПАТТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық...
Пікір: