ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕК

АҚПАРАТ | 30 ноябрь 2013 ж. - 14:49 | Көрудің саны: 607
Бейсенбі күні облыс бойынша монополияға қарсы инспекция мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан демократиясы дамуындағы басты рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған қоғам, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосу жиынын ашқан инспекция басшысы Әлім Аймырзаев тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін қалыптастыру мен оны өркениетке қарай дамытудағы еңбегі ұшан-теңіз екенін атап өтті. Бүгінде еліміз экономикасы өсіп-өркендеген, соған орай халқының әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы айтарлықтай жақсарған мемлекетке айналды. Мұнан бөлек, елдің саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігі де қамтамасыз етіліп, сыртқы байланыстар да айтарлықтай жақсара түсті. Осының бәрі де Елбасының сарабдал саясаты арқасында мүмкін болды. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл. Осы егемендігіміздің әрбір жылында он жылға татитындай істерді жүзеге асырған егеменді Қазақстанды, оның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қазір  бүкіл әлем мойындап отыр.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар да Елбасының маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың бастамашысы екенін, соның ішінде Қазақстан халқының болашаққа деген ұмтылысын айғақтайтын жалпы ұлттық идеология мен стратегияны қалыптастыруда орасан зор еңбек атқарғанын, Елбасының болашақ ұрпағы алдындағы еңбегі өлшеусіз екенін тілге тиек етті.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЕЛ МЕРЕЙі ТАСЫҒАН КҮН

ЕЛ МЕРЕЙі ТАСЫҒАН КҮН

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  Қармақшы...
КЕМЕЛ ЖҮРЕК, КЕНЕН ЕР

КЕМЕЛ ЖҮРЕК, КЕНЕН ЕР

Тұңғыш Президент күніне орай облыстық прокуратурада «Құқықтық Қазақстан және...
ЕЛ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ЕР БОЛМЫС

ЕЛ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ЕР БОЛМЫС

Қай жерде болмасын тәуелсіздік туралы сөз туындай қалса,  сол тәуелсіздікпен...
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН КӨШБАСШЫ

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН КӨШБАСШЫ

Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы...
ДАРА ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

ДАРА ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің...
ЕЛБАСЫНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫНА САЯХАТ

ЕЛБАСЫНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫНА САЯХАТ

Еліміздің еңсесін тіктеп, болашағы жарқын мемлекет болып қалыптасуына Қазақстан...
Пікір: