КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛДЫ

Арал ауданында Тұңғыш Президент күні кең көлемде аталып өтілді. Спорт кешенінде «НұрОтан» ХДП-ның жүлдесі үшін аудандық спартакиадада мемлекеттік қызметкерлер спорттың 7 түрінен бақтарын сынауда. 
Ақиық ақын Зейнулла Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қазақстан – өз елім, алтын өлкем» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ал аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты кеш Елбасы туралы бейнебаян көрсетілуден басталды. Жиналғандарды аудан әкімі Мархабат Жайымбетов мерекемен құттықтады. Келесі кезекте бір топ мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады. Мереке қарсаңында түрлі сала озаттары марапатталды. 
Тұңғыш Президент күнін қазалылықтар да мол тартумен қарсы алды. «Жеңіс» саябағында орналасқан мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмені көпшілік қызыға тамашалады. Қашанда жаңалықтың жаршысындай мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бұл жолы да кештің жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты. Салтанатты мерекеде жұртшылықты құттықтаған аудан әкімі Бақыт Жаханов елімізде, Сыр өңірінде атқарылып жатқан игі істерді атап өтті. Мұнан соң еңбегімен дараланғандар марапатталды. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Арал, Қазалы аудандары.

АҚПАРАТ 30 қараша 2013 г. 465 0