«ГЕЛИОСТЫ» ШАБУЫЛДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

АҚПАРАТ | 07 декабрь 2013 ж. - 09:14 | Көрудің саны: 384
Осыдан екі апта бұрын Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» мөлтек ауданында орналасқан «Гелиос» жанар-жағармай құю бекетіне бетперде киген екеу баса-көктеп кіріп, 780 мыңға жуық қаражатты қалтаға басып қашып кеткендігі БАҚ-тарда жарияланды. Жай кетпей, алдынан қарсыласа шыққан бекет кассирін атып кеткен еді. Қару оғынан касса қызметкері оқиға орнында қайтыс болды.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. 
Осы аптада, жедел жүргізілген іздестіру нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген сезікті үш адам ұсталды. Олардан айғақты заттар алынып, қылмыстары нақты дәлелдемелермен бекітілді. Қазіргі кезде олар тергеу абақтысында отыр. 
Айдың-күннің аманында қойнына қару тығып, қоғам мен адамға қастандық жасап жүргендер тиісті жазасын алады деп сенеміз.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТ ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТ ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Өткен аптада облыстық прокуратураның баспасөз орталығында аймақ прокурорының аға...
Қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

Қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

Үстіміздегі жылдың 12 қарашасында Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» шағын ауданындағы...
ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН-АЙ

ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН-АЙ

Қармақшы аудандық прокуратурасының аға тергеушісі Бәкішев, сезікті кісі қатарында...
ҚАПИЯДА ҚИЫЛҒАН ҒҰМЫР

ҚАПИЯДА ҚИЫЛҒАН ҒҰМЫР

Қараша айының 12-ші жұлдызында таңғы сағат 4-тен 40 минут кеткен шамада облыс...
ҚАРУ ӨТКІЗСЕҢ – ҚАРЖЫЛЫ БОЛАСЫҢ

ҚАРУ ӨТКІЗСЕҢ – ҚАРЖЫЛЫ БОЛАСЫҢ

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ел тұрғындарынан заңсыз сақталған атыс...
ДҮБІРЛІ ДҮНИЕ

ДҮБІРЛІ ДҮНИЕ

Америкадағы ірі қалалар тұрғындары Сириямен соғысуға қарсы ереуілдетіп жатыр. ...
Пікір: