САЙЛАУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АҚПАРАТ | 20 ақпан 2016 ж. - 09:51 | Көрудің саны: 10547

Қаладағы Достық үйінде «ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау және дайындық жұмыстары» атты тақырыпта семинар болып өтті.

 

Шараны «Қоғамдық келісім» орталығы басшысының орынбасары Асылбек Жұмабаев жүргізіп, семинардың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Алдымен сөз алған облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаракөз Есбосын Ассамблея сайлайтын үміткерлерге қойылатын талаптардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптардан еш айырмашылығы жоқтығын алға тартты. Сонымен қатар кандидаттарды ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясына сессиялар арасындағы кезеңде басшылық ететін және қазіргі уақытта 67 адамнан тұратын ассамблея кеңесіне тиесілі. Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар сайлау жарнасын төлемейді және сайлау қорын құрмайды.

Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарынсайлауды Қызылорда облысы бойынша 9 аумақтық, 29 облыстық округтік, 118 аудандық және қалалық округтік сайлау комиссиялары, 350 сайлау учаскесі қамтамасыз етеді. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша бұл сайлау учаскелеріне барлығы 405736 сайлаушы нақтыланған.

Семинар барысында қатысушылар хабарламалар жасап, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, талқылады.

 

С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ДАЙЫНДЫҚ  ҚАРҚЫН АЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Сексен мыңнан астам халқы бар Жаңақорған ауданында алдағы Мәжіліс және жергілікті...
САЯСИ НАУҚАНҒА ӘЗІРЛІК ОЙДАҒЫДАЙ

САЯСИ НАУҚАНҒА ӘЗІРЛІК ОЙДАҒЫДАЙ

«Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық сайлау...
Қызылорда облысы бойынша 405736 сайлаушы тіркелді

Қызылорда облысы бойынша 405736 сайлаушы тіркелді

20 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға...
Сайлаушылар назарына

Сайлаушылар назарына

№8 «Төретам» сайлау округі округтік сайлау комиссиясының тиісті хаттамаларына сәйкес...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 25 сессиясы 2014 жылғы 04 сәуірде сағат...
Пікір: