ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКЕМЕ

АҚПАРАТ | 12 декабрь 2013 ж. - 10:46 | Көрудің саны: 514
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атты байқау өткізді.
Байқау талаптары бойынша сарапшылар мекемелердегі «Қазақ тілі» кабинетінің немесе «Мемлекеттік тіл саясаты» бұрышының ұйымдастырылуына, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында қабылданған бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарының жасалуына, мекеменің алқа мәжілісінде «Тіл туралы» Заңының орындалуы мәселелерінің қаралғандығына, көрнекі ақпараттарының заң талаптарына сай болуына, шығыс құжаттарының көрсеткіштеріне, мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге арналған шаралардың ұйымдастырылуына мән берді. 
Байқау қорытындысында І орынды облыстық кедендік бақылау департаменті жеңіп алса, одан кейінгі орындар облыстық қаржы басқармасы мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ОБЛЫС МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ

ОБЛЫС МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ

Ел тәуелсіздігі мерекесіне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің...
ҚАЗАҚШАСЫ КЕЛІСТІ ЖАСТАР

ҚАЗАҚШАСЫ КЕЛІСТІ ЖАСТАР

Өткен аптаның жұма күні облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл...
ҚАЗТЕСТ БАЙҚАУЫ

ҚАЗТЕСТ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен  қолданудың 2011-2020 жылдарға...
«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Облыстық...
ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі...
Пікір: