ЕГЕМЕНДІК – ЕЛ БАҚЫТЫ

ЕГЕМЕНДІК – ЕЛ БАҚЫТЫТәуелсіздік мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда. Айтулы мерекені Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де атап өтті. Өткен жұмада Студенттер сарайында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты кеш болды.
Мерекелік шараны университет ректоры Қылышбай Бисенов ашып, жиналған көпшілікті Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
– Құрметті әріптестер! Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Ел тәуелсіздігі адамзат тарихындағы қасиетті де қастерлі ұғым. Бұл күн – бүкілхалықтық мереке, әрбір қазақстандық мақтаныш тұтатын ерекше күн. Осындай бейбітшілік аясында өмір сүріп жатқан біздер бақытты елдің ұрпағымыз. Сондықтан да барлықтарыңызды мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін,-деді.
Мұнан кейін жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін университеттің бірқатар оқытушы-профессорлары «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» төсбелгісімен, оқу үдерісін ұйымдастыруда қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарған қызметкерлер мен 2012-2013 оқу жылындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамының білім беру қызметіндегі рейтингісінің нәтижесі бойынша да бір топ оқытушылар марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
М.ОТАРАЛЫ.

АҚПАРАТ 16 желтоксан 2013 г. 630 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031