ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық прокуратурада Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара болып өтті.
Оған прокуратура ардагерлері, құқықтық саланың озық қызметкерлері және журналистер қатысты.
Жиынды ашқан облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов: "Қазақ халқы тәуелсіздік жылдарында босағасын бекемдеп, берекесін арттырған айшықты жетістіктерге жетті. Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейін белгілеп берген айқын бағыттарын басшылыққа алып, жарқын болашаққа қарай қадам басып келеміз. Бұл сапта прокуратура органдарының да атап айтарлық табыстары мол” – деп атап өтті.
Прокуратураның аппарат басшысы Серік Шотаев тақырыпты толықтыра түсіп мазмұнды баяндама жасады. Сонымен бірге "Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Өлмесхан Болатбеков те өзінің мерекелік лебізін білдірді.
Мұнан соң бір топ сала ардагерлері мен құқық  қызметкерлері тұңғыш прокурор С. Есқараевтың мерейтойы құрметіне шығарылған медальмен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Мұндай марапатқа сала жұмысын жемісті насихаттай білген БАҚ өкілдері де ие болды.
Жиын соңында жас қызметкерлер ант қабылдады. Шара мерекелік концертпен, онан әрі ақ дастарқан мәзірімен қорытындыланды. 
Д. АЯШҰЛЫ.

АҚПАРАТ 16 желтоксан 2013 г. 379 0