БЕРЕРІ КӨП БАСТАМА

АҚПАРАТ | 21 декабрь 2013 ж. - 00:40 | Көрудің саны: 347
Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау саласының алаңдатушылығын туындатуда. Бұл мәселе біздің елімізде күн тәртібінде тұр. ЕҚБ бала тәрбиелеп отырған отбасы ерекше қамқорлықты қажет ететіні анық. Дамуында ауытқушылығы бар баланы тәрбиелеуші ата-аналарға рухани демеу жасау үшін «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығында тағылымды шара өткізілді. «Қызмет» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына, баланың психикасын дамытуға арналған  психологиялық  семинар-тренингте дәрігер невропатолог К.Кәрібаева, логопед А.Аймұратова, әлеуметтік педагог А.Боранбаева және ата-аналар белсене қатысты.  
Семинарда психолог Жұлдызай Дәлиева мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне қатысты өз пікірін білдірді. 
Сондай-ақ «Отбасы ойыны», «Үй жануарлары», «Саусақтың пайдасы», «Сүйіспеншілік», «Құрметтеу» тақырыбындағы сайыстар көңілді әсер қалдырды. Семинарды орталық президенті Шынаркүл Жеңсікбаева қорытындылады. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Жуырда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» ұлттық орталығы»...
МYГЕДЕКТЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ КӨПТЕГЕН ІСТЕРГЕ ҰЙТҚЫ БОЛДЫ

МYГЕДЕКТЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ КӨПТЕГЕН ІСТЕРГЕ ҰЙТҚЫ БОЛДЫ

Облыс әкімшілігінің мәжіліс залында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы...
ТҰМАНДЫ АЛЬБИОННАН ЖЕТКЕН СЫЙЛЫҚТАР...

ТҰМАНДЫ АЛЬБИОННАН ЖЕТКЕН СЫЙЛЫҚТАР...

Қазақстан Республикасының өткен жылы қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік және...
«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2013...
«ПҚҚР» АҚ: Ең бастысы – балалардың күлкісі

«ПҚҚР» АҚ: Ең бастысы – балалардың күлкісі

Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығында дәстүрлі күзгі...
ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Қазалы ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Ақ босаға»...
Пікір: