ӘЙГІЛІ АКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

ӘЙГІЛІ АКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУОблыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова Сыр еліне арнайы сапармен келген әйгілі актер Жерар Депардьені қабылдады. Әлемдік кинемотографияда қолтаңбасы айқын актердің сапарының мақсаты – Байқоңырға барып, зымыран ұшырылымына куә болу. 
Ол басты рөлдерді ойнаған тарихи, драмалық, комедия жанрларындағы фильмдер кассалық түсім бойынша рекордтарды жаңартқан. Өткен ғасырдың 70-жылдары жарыққа шыққан "Вальс ырғағындағылар” картинасының алғашында басы дауға қалғанмен, кейін аталған кезеңнің үздік киносы атанды. Сол фильмнен соң Депардьеге ұсыныстар көптеп түсе бастаған. Кино саласындағы әлемдік сыйлықтардың бірнешеуіне ие болған. 
Ол осыдан бірнеше жыл бұрын экранға шыққан қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбековтің "Жиде. Кешіккен махаббат” картинасына Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Орынбасаровамен бірге түскен болатын. Мейірімге толы лирикалық хикая жас ортасына келген жандардың күнделікті өмірінің қайшылықтары мен шырғалаңдарын суреттейді.
Бұған дейін Астанада, Алматыда, Шымкентте болған актер қазақстандық картинаға түсу барысында балалығына қайта оралғандай әсер алғанын, қазақ ауылдарындағы жанға жайлы атмосфераны ұнататынын айтты. 
Актерге Сыр өңірі туралы ағылшын тіліндегі бейнеролик көрсетіліп, қысқаша мәліметтер, сондай-ақ біздің өңірдің қазақ мәдениеті мен өнеріндегі орны туралы ақпараттар ұсынылды. Депардье алдағы уақытта "Дала дауысы” атты фильмге түсетінін, қазақтың жері мен кең пейілі туралы әсерлерін сол өнер туындысында көрерменге жеткізуге тырысатынын атап өтті.  
М.МЕРЕЙ.


АҚПАРАТ 27 қыркүйек 2013 г. 655 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031