ОТШАШУЛАР ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС...

АҚПАРАТ | 26 декабрь 2013 ж. - 08:52 | Көрудің саны: 394
ОТШАШУЛАР ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС... Облыстық баспасөз клубында ТЖД өкілдері пиротехникалық заттарды дұрыс қолдана білу және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға байланысты жиын өткізді. 
Жаңажылдық мерекенің сәнін келтіріп, әрлендіріп-түрлендіретін пиротехниканы дұрыс пайдаланбау соңы өкінішке апаратыны сөзсіз. Қызық көрмесе арқасы қозатын сауықшыл жұрт отшашуларды қоғамдық орындарда қолданғанда абай болғаны жөн. Отты ойыншықтар «аса қауіпті заттардың!» қара тізіміне енгізілген. Жарқ-жұрқ еткен отшашуға құмарлардың дені балалар екенін ескерсек, қазір қала мектептерінде түсіндіру шаралары өтіп жатыр. Өрт сөндіру қызметі жабық ғимараттарда өрт қауіпсіздігіне қатты алаңдап отыр. Өйткені, кей мекемелердің қауіпсіздікке қарсы құрал-саймандары сай емес. Қызылорданың түндері тыныш болуы үшін ойын-сауық отауларында да сақтық шаралары қажет-ақ. 
Жаңа жыл қарсаңында сауда орындарында қаптайтын от ойыншықтардың барлығын тексеріп шыққанымен жабайы сауданың жайылып жатқаны белгілі. 
Пиротехникалық ойыншықтарға салғырт қараудың арты неге апарып соғарын өрт сөндірушілер қала халқына түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізіп жатыр. Отшашуды қалай дұрыс тұта білу қажет, қандай қашықтықта тұру керек, фейерверк қиыс кетіп, жан-жағын өртке ораса қайткен дұрыс? Әрине, мұнымен жастар хабардар болуы керек. Сондықтан, жаңажылдық думанда отшашумен ойнамай-ақ, «сақтансаң сақтаймын» деген өміршең қағиданы қаперіңізге мықтап сала жүріңіз.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ МӘНІ АРТАДЫ

МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ МӘНІ АРТАДЫ

Баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрхан Жәлиевпен...
МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ МӘНІ АРТАДЫ

МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ МӘНІ АРТАДЫ

Баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрхан Жәлиевпен...
САҚТАНСАҢ, САҚТАРМЫН ДЕГЕН...

САҚТАНСАҢ, САҚТАРМЫН ДЕГЕН...

Жақында баспасөз клубында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

«Бірінші байлық – денсаулық». Дана халқымыздың осынау ғибраты көп жайтты ұғындырады....
ЖАРТЫ ҒАСЫР СЫРЛАСЫМ

ЖАРТЫ ҒАСЫР СЫРЛАСЫМ

Қарты бар елдің – қазынасы бар. Ескіден жеткен есті сөз осылайша толғанады. Мұның...
«ҚАЛА КҮНІНДЕ» ҚЫЗЫҚТЫ ДА МАЗМҰНДЫ ШАРАЛАР КӨП БОЛМАҚ

«ҚАЛА КҮНІНДЕ» ҚЫЗЫҚТЫ ДА МАЗМҰНДЫ ШАРАЛАР КӨП БОЛМАҚ

Баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қала күнін мерекелеуге...
Пікір: