ТӘЛІМ ҰЯСЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ШАРА

АҚПАРАТ | 26 желтоқсан 2013 ж. - 08:53 | Көрудің саны: 586
Жуырда қаладағы «Алпамыс» балабақшасында «Нұр болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің қатысуымен оқу курсы ұйымдастырылды. Облыстық оқу орталығының ұйытқы болуымен өткен «Мектепке дейінгі ұйымдардағы нормативтік-құқықтық база» тақырыбындағы шарада қала және аудан балабақшаларының меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері тәжірибелерімен бөлісті.
Шара басында сөз алған облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Диқанбаева мектепке дейінгі оқыту жүйесінде әдістемелік жұмысты дамыту мәселелеріне тоқтала келе, курсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Нұр болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінен келген өкілдер өз тәжірибелерін ортаға салды. Яғни, мектепке дейінгі мекемелердегі құжаттама мәселелеріне жеке-жеке тоқталып, оның үлгілерімен таныстырды. Сондай-ақ, шарада стандартты жүзеге асыру жағдайында педагогикалық үдерісте басқару мен бақылау мәселесі төңірегінде баяндама оқылды.
Оқу курсына қатысушылар «Нұр болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің сертификаттарына ие болды. 
Х.АЙДАР.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«ЕРКЕМ-АЙДЫҢ» БОТАҚАНДАРЫ

«ЕРКЕМ-АЙДЫҢ» БОТАҚАНДАРЫ

Қызылорда қаласындағы «Еркем-Ай» мектепке дейінгі кіші орталық мекемесінде,...
ЖЕР ИЕСІЗ ДЕМЕҢІЗ...

ЖЕР ИЕСІЗ ДЕМЕҢІЗ...

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи...
ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

Бейсенбіде Қызылорда қаласында 320 орындық «Шұғыла 2» балабақшасы ашылды. Салтанатты...
КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Республикалық деңгейде жүргізілген «Мектепке жол» акциясы аясына Қызылорда...
Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылордада жаңа балабақша ашылды

Қызылорда. Қызылорда қаласында жыл соңына дейін мектепке дейінгі жастағы...
БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

Бала – ұрпақ жалғасы, ел болашағы. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, олардың...
Пікір: