ДАРИЯ: ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

АҚПАРАТ | 26 декабрь 2013 ж. - 09:08 | Көрудің саны: 598
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен  қыс-көктем мезгілдерінде су тасқынының алдын алуға арналған дайындық шаралары туралы селекторлық мәжіліс өтті.
Айта кетейік, қараша айында су тасқынына дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты арнайы мәжіліс өтіп, онда барлық аудан және қала әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілген еді. 
Облыс әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» мекемесінің басшысы Мыңділла Ршауов сол мәжілістің хаттамалық шешіміне сәйкес іс-шара жоспары бекітіліп, су тасқынына қарсы пайдаланылатын қорлар жасақталғанын жеткізді. Дария бойындағы қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық нысандардың жай-күйіне зерттеу жұмыстарын жүргізген жұмысшы топ аса қауіпті учаскелерді анықтап та қойыпты. Осы осал деп табылған 30 учаскені қалпына келтіру үшін облыс қазынасынан 174,6 млн. теңге бөлінген. Енді мұздың толық қату сәті күтілуде. Мұз жару жұмыстарымен айналысуға арнайы рұқсаты бар мамандандырылған мекемемен келісім жасалып, жарғыш заттар қоры жасақталған.
Мұнан соң Су ресурстары комитетінің Су пайдалану және қорғау жөніндегі  «Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» мекемесінің басшысы Әділхан Қарлыханов хабарлама жасап, жоғарыдан келіп жатқан су мөлшерінің жылдағыдан едәуір аз екендігін жеткізді. Мәселен, бүгінде Шардара су қоймасына секундына 1047 текше метр су түсуде. Нақты кезеңде Көксарай су реттегішіне су жіберіліп жатқан жоқ. Оған су қорын жинақтау кесте бойынша алдағы 20 қаңтардан басталады. Маманның пікіріне ден қойсақ, ертерек қамдану қажет. Олай етпесек, қажетті 3 млрд. текше метр суды жинау мүмкін емес көрінеді. Жоспар бойынша Шардараға 4 млрд. Көксарайға 3 млрд., барлығы 7 млрд. текше метр су жинақталуы тиіс. Бұл суармалы егіспен айналысатын біздің облыс жұртшылығы үшін аса қажет. Хабарламашы инспекция тарапынан Су ресурстары комитетіне Шардара мен Көксарайдың жұмыс ырғағының кестесіне қатысты ұсыныс жолдағанын айтты. Алдағы жылы егіс көлемі ұлғаятынын атап өткен аймақ басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді. Ал, «Қазсушар» облыстық филиалының директоры Болат Арыстанбаев Шардара су қоймасынан төмен қарай секундына 600 текше метр, Қызылорда су торабынан 430 текше метр су жіберіліп жатқанын жеткізді. Ал, егіске қажетті су қоры каналдар арқылы алынуда.
Мәжілісті қорытқан облыс әкімі Қ.Көшербаев Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізудің маңыздылығына тоқталып, дайындық жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді қала және аудан әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына тапсырды.  
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың  төрағалық етуімен...
КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ

КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы...
ҚЫС ТАЛАБЫ ҚАТАЛ

ҚЫС ТАЛАБЫ ҚАТАЛ

Кеше «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесінің мәжіліс залында жылу маусымының өту...
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың  төрағалық етуімен...
СУ ҚОРЛАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ

СУ ҚОРЛАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ

Кеше Қызылорда қаласында Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің кезекті мәжілісі болып...
МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫНАН 184 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫНАН 184 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

«Оңтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаменті мемлекеттік мекемесінің Қызылорда...
Пікір: