ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

АҚПАРАТ | 28 декабрь 2013 ж. - 17:39 | Көрудің саны: 490
Облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым, жерлесіміз Бауыржан Елеусінов Халықаралық Ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Б.Елеусінов Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутын, Киев ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, факультет деканы, ректордың көмекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҰУ Қызылорда филиалының директоры, «Болашақ» университетінің ректоры секілді білім саласының бірсыпыра басшылық қызметінде болды.
Оның қаламынан туған орта және жоғары мектептерге арналған оқу құралдары қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жарық көрген. 2 монографияның авторы.
Ізденгіш ғалымның қоғамның түрлі мәселелерін қамтыған мақалалары Ресей, Өзбекстан, Испания, Корея елдерінің баспасөздерінде жарияланған. Осының өзінен-ақ Б.Елеусіновтің қолға алған тақырыбын ғылыми тұрғыдан терең қамтып, қоғамдық санаға әсер ете білетін біліктілігі көрініп тұрады.
Өзінің осындай еңбегімен елене білген жерлесімізді біз жаңа ғылыми атағымен құттықтай отырып, оған шығармашылық табыс, шырайлы өмір иесі бола бергейсіз деген ақжолтай тілегімізді арнаймыз.
Туған Отанымыздың ғылымын жаңа белестерге көтере беріңіз, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі ілгерішілдігіңіз жемісті болғай.
Р.ДYЙСЕНҰЛЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыстық медицина орталығының басшысы қызметіне медицина ғылымдарының докторы,...
СЫР ЕЛІ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН

СЫР ЕЛІ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН

Аптаның алғашқы күні Студенттер сарайында этнограф, өлкетанушы Тынышбек Дайрабайдың...
БІРТУАР ДАРЫН, ДАРА ТҰЛҒА

БІРТУАР ДАРЫН, ДАРА ТҰЛҒА

Кеше әдебиеттанушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтің 85 жылдығына орай Студенттер сарайында...
ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ

ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ

Қызылордада физика-математика ғылымдарының докторы, академик Асан Таймановтың...
ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘЙГІЛІ ҒАЛЫМ

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘЙГІЛІ ҒАЛЫМ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Тайманов оқулары» конференциясында сөйлеген сөзі...
ҰСТАЗДЫҚТЫ ЗОР МӘРТЕБЕ САНАҒАН

ҰСТАЗДЫҚТЫ ЗОР МӘРТЕБЕ САНАҒАН

Ұстаз – ұлағатты жан. Ұстаз шәкіртімен бақытты. Шын мәнінде ғұлама ғалым да,...
Пікір: