ӨҢІРЛІК СЕМИНАРДА ӨРЕЛІ ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АҚПАРАТ | 28 желтоқсан 2013 ж. - 17:42 | Көрудің саны: 495
ӨҢІРЛІК СЕМИНАРДА ӨРЕЛІ ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Бәйменов Оңтүстік өңір журналистеріне «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» атты семинар өткізді. Еуропа Одағының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасы қолдауымен жүзеге асқан бұл шараға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы БАҚ өкілдері қатысты.   
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Әлихан Бәйменов кадрларды іріктеу және оларды қызмет бабымен көтерудің, мемқызметтегі этикалық және жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейтудің жаңа тетіктерін, «А» корпусының қызметі бойынша тілшілер жиі қоятын сауалдар бойынша жаңа мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Оған жеке тұлғалар, Үкіметтік емес ұйымдар, Қоғамдық және Тәртіптік кеңес мүшелері, меморгандардағы персоналды басқару қызмет өкілдері қатысты. 
«Реформа – жүйені заманауи талапқа бейімдеу. Мемлекет түгілі әр саналы жеке адам өзінің қарым-қабілетін, іскерлік қасиеттерін реформалау арқылы дамып, өсіп отырады. Сол үшін ізденеді, оқиды. Мәселен, осыдан ширек ғасыр бұрынғы жылдармен салыстырғанда еліміздің жастары көп өзгерді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алып келген көптеген жастарымыз өз беттерімен ізденіп, шағын кәсіпорындар ашып, адамдарды жұмыспен қамтуда. Бұл қоғамның алға жылжығанын көрсетеді. Біздің елдің мемлекеттік қызмет ісіндегі реформаларға ресейлік саясаткерлер мен ғалымдар қызығушылық білдіріп жатыр. Біз іс жүзінде алға кеттік. Біздің қоғамда білімді, білікті мамандар жеткілікті. Соларды таба білу және көре білу керек», – деді Әлихан Мұхамедияұлы. Агенттік жетекшісі «қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ-пен өзара диалог орнату – ведомство қызметіндегі басым бағыт» екендігін де атап өтті. 
Семинар барысында мемлекеттік қызмет сапасын жақсартудағы аймақтық БАҚ өкілдері мен жергілікті органдардың өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. «Этика бойынша кеңесші» және қоғамдық бақылаушы институттарын енгізу мәселелері де қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, агенттік басшысының жағымды жаңалығының бірі, енді кез келген БАҚ өкілдері мемлекеттік қызметке қатысты өткен конкурстық комиссия жұмысына еркін қатысып, бақылаушы бола алады. Бұл осы салада жүріп жатқан жаңа реформаның жемісі.
Бұған дейін журналистерге мемлекеттік қызметтің жаңа моделін түсіндіру бойынша осындай шолу семинарлар республикалық БАҚ өкілдеріне Астанада, одан кейін Еуропалық Одақ жобасы қолдауымен Қазақстанның солтүстік-шығыс, батыс аймағы Павлодар мен Ақтөбе қаласында өткізілген болатын. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Шымкент қаласы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

Облыс бойынша салық департаментінде «Жемқорлықпен қоғам болып күресейік» тақырыбында...
ҚЫЗМЕТ ЭТИКАСЫН САҚТАУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

ҚЫЗМЕТ ЭТИКАСЫН САҚТАУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Егемендік алған күннен бастап еліміздің алдында жаңа мемлекеттік қызмет жүйесін...
Су шаруашылығы мәселелері талқыланды

Су шаруашылығы мәселелері талқыланды

Қызылорда. Кеше Қызылорда қаласында Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің кезекті...
Мемлекеттік қызметке іріктеудің тиімді жүйесін қалыптастыру

Мемлекеттік қызметке іріктеудің тиімді жүйесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан саясатының...
ЕҢБЕК ДАУЫН БОЛДЫРМАУ БАСТЫ МАҚСАТ

ЕҢБЕК ДАУЫН БОЛДЫРМАУ БАСТЫ МАҚСАТ

Жуырда «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Еңбек дауларын алдын алу,...
ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде индустриалды-иновациялық ...
Пікір: