Облыстық телекоммуникация дирекциясы жылды қорытындылады

АҚПАРАТ | 28 желтоқсан 2013 ж. - 18:43 | Көрудің саны: 550
Бейсенбі күні баспасөз орталығында облыстық телекоммуникация дирекциясы жылды қорытындылады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев, «НұрОтан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков қатысты.
Аймақ тұрғындарын сапалы байланыспен қамтамасыз ететін ҚОТД  телекоммуникация желісінде бүгінде 108 АТС, оның ішінде 99-ы ауылдық жерде орналасқан, 41 МСАД, СДМА-450 42 базалық станция, СДМА-800 5 базалық станция жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта облыстық телекоммуникация желілерінің тіркелген сыйымдылығы 135277 нөмірлерді құраса, желінің берілу сыйымдылығы 49355 порт болып отыр. Бұлардың ішінде желілік байланыста бары 114069 бірлікке жеткен. Яғни, жоспар 94 пайызға орындалған. Өңір тұрғындарының интернет желісіне қосылуға деген қызығушылықтары да жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, кең жолақты қызметті қолданушылар 37317-ге жетсе, жылдық абоненттер саны 5712 пайызға өскен. Ал, ауылдық аймақтарда 15098 абонент осы кең жолақты қызметті пайдалануда. «Жұмыс жоғары деңгейде орындалуда. Ең бастысы, шығынның өсу қарқыны табыстың қарқынынан асып кеткен жоқ. Әкімшілік шығын 97 пайызды құрап отыр»,-деді облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Сәдібек Балтабайұлы.
Желілерді жаңғырту жобасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Оның ішінде Қызылорда қаласы мен ауылды жерлерде орналасқан пункттерде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру облыстық телекоммуникация дирекциясының басты назарында тұр. Осыған орай, қазіргі кезде барлық аймақтар бойынша аудан орталықтарында талшықты оптикалық желі құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, биылғы жылы жаңғырту жобалары шеңберінде, Қазалы ауданында жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын 4 ТОБЖ, Шиелі және Сырдария аудандарында 3 АМС салынса, 7638 порттың ДСЛАМ сыйымдылығы кеңейтілген. Жалпы аймағымызда 47 елді мекен талшықты оптикалық желі байланысымен қамтамасыз етілген.
Қызылорда ОТД мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруда да жоғары деңгейде қызмет атқаруда. Мәселен, 2008 жылдан бері «Востоктелеком» ЖШС бірге атқарылып келе жатқан  «CDMA технологиясын қолданумен ауылдық аймақтарда байланыс телекоммуникация желісін жаңғырту және дамыту» жобасы шеңберінде WLL CDMA-450 42 базалық станция, CDMA-800 5 базалық станция аудандарда орнатылған. Сонымен бірге, ауылды жерлерде интернет желісі бойынша кеңжолақты қатынау қызметін дамыту үшін CDMA-450 сымсыз желісіне EVDO технологиясын да енгізген. Аталмыш сымсыз желімен бүгінде 140 ауылдық пункт қамтылуда. Осының нәтижесінде 100 отбасы КЖҚ-ға қол жеткізіп отыр. Ал, «Қызылорда қаласында FTTH құрылыс желісі 3-кезең» бағдарламасы аясында қалаға 5450 порт енгізілген. Бұл желінің жалпы құрастырылым сыйымдылығы 11000 портты құрайды. Талшықты опикалық желілермен 351 көп қабатты тұрғын үйлер қамтылған. Бұл дегеніміз, желілік байланысты пайдалануда халықтың сұранысының біршама орындалғандығын білдірсе керек. Сонымен бірге,  іD Net абоненттері санының 4920 жетіп, жоспардың 100 пайызға орындалуы да ҚОТД жұмысында алға ілгерілеушілік пен нәтижелі тірліктің бар екенін көрсетеді.  Сала жұмысы мұнымен тоқтап қалмақ емес, 2015 жылға дейін облыс орталығындағы барлық көп қабатты секторларға іD Net қызметі қолжетімді болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, FTTH технологиясы бойынша телекоммуникация қызметін ұсыну да жалғасын табуда. Жалпы облыстың телекоммуникация желісінің қарқынды дамуы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына зор мүмкіндік туғызып отыр. Жүйелі орындалып жатқан бағдарламалардың бірі «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» болып табылады. Бұл тұрғыда жоғары жылдамдықты интернетке облыс бойынша 245 мектеп қосылған. Ал, электронды білім беру жүйесінің жобасы негізінде 4-10 Мбит/с жылдамдықпен 52 білім ошағы қосылған. Келесі жылы 65 мектепті қосу жобаланған. 
«Біздің негізгі мақсатымыз халыққа сапалы қызмет көрсету. Мекеме бұл тұрғыда үдеден шыға білді деп ойлаймын. Себебі, негізгі бағдарлама мен жобаларды өз деңгейінде атқарып келеміз. Сондай жобаның бірі альтернативті қоректендіру көздерін қолдану болса,  аталмыш жобаны біздің филиал сәтті орындады. Өйткені, 2008 жылдан бері электрофикация жүргізілмеген  ауылдарда және түйіндік станцияларда күн мен желді қолдануға мүмкіндік беретін роторлық түрдегі жел энергетикалық кешені орнатылып, пайдалануға берілді. Бұл кешен жыл сайын шалғай ауылдарға ЖЖМ жеткізуде 4 млн. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беруде», - деген облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры С.Балтабайұлы осылайша, жыл бойы атқарған жұмыстарын толығымен баяндап, қорытты. Мұнан соң баспасөзге жиналған БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Осылайша, сала басшысы жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев пен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбековтің тарапынан оң бағаға ие болды.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

БАРЛЫҚ АУЫЛ БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС

БАРЛЫҚ АУЫЛ БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстың мал шаруашылығын...
САНДЫҚ ТЕЛЕХАБАР ТАРАТУ ИГІЛІККЕ АЙНАЛАДЫ

САНДЫҚ ТЕЛЕХАБАР ТАРАТУ ИГІЛІККЕ АЙНАЛАДЫ

Жақын уақытта облыс тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Жылдың...
ЭНЕРГИЯНЫ YНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

ЭНЕРГИЯНЫ YНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

Бүгінде шаруашылықтың барлық салаларында энергияны үнемдеу мен  энергия...
МӘСКЕУ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ АШПАҚШЫ

МӘСКЕУ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ АШПАҚШЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеу қаласы білім беру департаментінің...
ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ТАРАЗЫСЫ

ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ТАРАЗЫСЫ

Өткен жұма күні облыстық баспасөз орталығында болған баспасөз мәслихатында биылғы...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

Елбасының ұдайы атап көрсетіп жүргеніндей, қазіргі таңда экономиканың барлық...
Пікір: