БОЛАШАҚ БҰЛ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Еуразиялық Банк Қызылордада филиал ашты
Еуразиялық Банк Қызылордада заманауи банктік технологиялармен жабдықталған филиал ашты. Салтанатты ашылу рәсіміне Еуразиялық Банк Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон және облыстық әкімшілік басшылары қатысты.
Жаңа филиал ғимараты қаладағы көлік қозғалысы ең жиі Желтоқсан көшесінде орналасқан. Дизайнды жобалауда клиенттердің жайлылығына ерекше көңіл бөлінген: балаларға ойын ойнауға арнайы орындар жасалған.
Жаңа филиал клиенттеріне кассалық қызмет көрсету, ақша аудару, валюта айырбастау, кредит ресімдеу және депозитті толықтыру тәрізді дағдылы қызметтермен бірге тәулік бойы өзіне-өзі қызмет жасауға ыңғайлылық мақсатында терминалдар мен банкоматтар қызметін де ұсынады. Қызылордалықтар тәуліктің кез келген уақытында коммуналдық, телефон және мобильді байланыс қызметтерін, кредиттерді төлей алады немесе депозиттерге ақша аудара алады. Қазір бөлімде екі банкомат және екі терминал орнатылған, жаңа жылға дейін оларды екі еселеу көзделіп отыр.
«Талғаммен, заманға лайық жабдықталған интерьер өте ұнамды. Өзіне-өзі қызмет көрсету орны да ыңғайлы. Терминалда бәрі түсінікті. Мен коммуналдық төлем мен депозитке ақшаны бірінші реттен-ақ жібердім. Ең бастысы, ешқандай кезек жоқ»,-дейді қызылордалық «Болашақ филиалының» алғашқы клиенттерінің бірі Асқар Құрманұлы.
Интернетті пайдаланушылар Еуразиялық Смартбанк арқылы бірнеше қызмет түріне қолжетімділікке ие болады (my. smartbank.kz). Мысалы, ешқандай үстеме төлемсіз кредитті өтеуге болады. Сонымен қатар, кредит шартының нөмірі мен ЖСН-нін білсе, туыстары мен достарының да кредитін төлеуге болады. Банк бөлімшелерінде Смартбанк қызметі туралы толық кеңес алуға болады.
«Болашақ филиалы» - Еуразиялық Банктің бөлшек желілерді дамытудағы кең ауқымды жобасының бір бөлігі, - дейді Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон. Қазақстанның ірі қалалары мен аймақтарының орталықтарында қазіргі заманның ең соңғы үлгілерімен жабдықталған, әлемдік банктер деңгейінде қызмет көрсететін филиалдар ашылмақ. Еуразиялық Банкте заманауи технологиялар мен тармақталған филиалдар жүйесі бар».
Қызылордадағы жаңа филиалдың ашылуы 75 жергілікті тұрғынды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Олардың барлығы да арнаулы оқу курстарынан өтті. Алдағы уақытта олар келушілерге батыстық жетекші банктерден кем түспейтін жоғары деңгейлі қызмет көрсете алады.
Салтанатты рәсімге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысты. Ол филиалдың ашылуымен құттықтап, банктің дамуына сәттілік тіледі.


АҚПАРАТ 05 қазан 2013 г. 476 0