ТАБЫС БЕЛЕСІНДЕГІ СЫРДАРИЯ АУДАНЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауларын және конституциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша Сыр елінде серпінді жұмыстар жүргізілуде. Аймақтың іргелі ауданының бірі – Сырдария ауданы соңғы 4 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен облыстың алдыңғы қатарына шықты. Мұнда Елбасының ауыл шаруашылығын әртараптандыру, мал шаруашылығын дамыту бойынша берілген тапсырмалары сәтімен жүзеге асырылуда. Оны ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айлық көрсеткеіштерінен анық байқауға болады.
Есепті кезеңде ауданда экономикалық және қоғамдық-саяси ахуал тұрақты

Қаржы. Бюджет саясаты.

2017 жылға арналған аудандық бюджет 8,0 млрд. теңге, оның ішінде өз кірістері 5,4 млрд. теңге көлемінде нақтыланды. 2017 жылдың 1 қыркүйегіне өз кірістеріміздің болжамдық жоспары 1,9 пайызға артық орындалып отыр.
Бюджеттің шығыстар жоспары ағымдағы кезеңге 96,3%-ға орындалды. (5,5 млрд. теңге жоспардың атқарылуы 5,3млрд. теңгені құрады).

Инвестиция.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында аудан экономикасына 19,3 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 есеге артық.

Ауыл шаруашылық. Өнеркәсіп.

Шағын және орта бизнес.
2017 жыл ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 32468 гектар жерге ауыл шаруашылғы дақылдарын орналас­тырды. 20671 гектар күріш егілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2311 гектарға артық. Сонымен қатар, 3146 гектар жаңа жоңышқа, 330 гектар жаздық бидай, 260 гектар арпа, 97 гектар сұлы, 300 гектар жүгері, 823 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді.
Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 4,3 %-ға (32194бас), оның ішінде сиырлар 6,7%-ға (17340 бас), жылқы 6,2 %-ға (13292 бас) , түйе 6,9%-ға (1224 бас) өсті.
Сондай — ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 100,7%-ды (2360,4 тонна), сүт өндірісі 100,7 %-ды (4472,9 тонна), жұмыртқа 100,1 %-ды (101,8 мың дана) құрап отыр.
Аудан бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйекке 2085 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар саны – 170, жеке кәсіпкер саны 1255, шаруа қожалықтар саны 660. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18,8 пайызға өскен.
Аудан бойынша 38 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.
Құрылған кооперитвтердің 16-і аралас ауыл шаруашылығы, егіншілік, 20-і мал өсіріп ет өнімін алу, 1-і құс етін өндіру, 1-і көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағ­дарламасы арқылы 2017 жылы құны 439,9 мың теңгені құрайтын 2 жоба грант тетігі бойынша қаржыландырылса, 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылуда.
208 адам «Бизнес кеңесші» тетігі бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария аудандық филиалы арқылы оқытылды.
Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы аясында 2017 жылы құны 854,5 млн теңгені құрайтын 37 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланды, ашылатын жұмыс орнының саны 221.
Қазіргі таңда 115,5 млн теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылып, 39 жұмыс орыны ашылды.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауыл шаруашылығы қолдау қорынан кепілдігі толық қамтамасыз етілген 57 тұлға 261,3 млн.теңге мал шаруашылығын дамыту бағытында несие алды.

Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына қолдау шараларын» іске асыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына 2017 жылы көтерме жәрдемақыға 60 маманға 158830 теңгеден 9,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Есепті мерзімге 59 маманға 9,4 млн. теңге жеке есеп шоттарына аударылды. Оның ішінде білім саласынан — 35 маман, денсаулық саласынан -13 маман, әлеуметтік қамсыздандыру саласынан — 1 маман, мәдениет саласынан — 2 маман, спорт саласынан — 4 маман, агроөнеркәсіп кешен саласынан — 4 маман көтерме жәрдемақы алды.
Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие­ге 79 маманға 251,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік кредит 3,4 млн. теңге. 8 ай қорытындысымен тұрғын үй сатып алу үшін 79 маманға 251,9 млн. теңге аударылды. Білім саласынан — 37 маман, денсаулық сақтау саласынан — 24 маман, әлеуметтік қамсыздандыру саласынан — 2 маман, мәдениет саласынан- 5 маман, спорт саласынан — 5 маман, агроөнеркәсіп кешен саласынан — 6 маман тұрғын үй несиесін алды.

Құрылыс және инфрақұрылым.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы қаңтар-тамызда 695,0 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.
2017 жылдың қаңтар-шілде айында 7752,0 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады.
Ағымдағы жылы Тереңөзек кентінде 5 үш бөлмелі және 5 екі бөлмелі үйлердің құрылысына облыстық бюджет есебінен 70,0 млн. теңге және аудандық бюджеттен 36,3 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
Жетікөл, Шаған, Шіркейлі, Бесарық, Н.Ілиясов, Қоғалыкөл, А.Тоқмағанбетов, Айдарлы, Ақжарма, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Аманкелді елді мекендеріндегі үш бөлмелі 3 тұрғын үй құрылысына жобалау – сметалық құжаттамалар жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 12,6 млн. теңге қаржы қаралды.
Сонымен қатар, «Сырдария-Нұрдәулет» ЖШС арқылы «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы аясында 1 екі қабатты үйді күрделі жөндеуге және 2 екі қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірлеуге 6,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
2017 жылы республикалық бюджет есебінен Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысының инфрақұрылымын бастауға 100 млн. теңге және аудандық бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі көлемі 135 гектарды құрайтын инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжатын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 21,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, Шіркейлі ауылындағы жаңа мөлтек ауданының инфрақұрылымы құрылысын аяқтауға республикалық бюджет есебінен 111,9 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды.
Еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің қатарына жатқызылған. Халықты сапалы ауыз сумен және суды жеткізетін әрі тарататын қызметтермен қамтамасыз ету – басты мақсатымыз. Қазіргі таңда аудан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, тұтынушы тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен Н.Ілиясов, Қалжан ахун, Шаған және Шіркейлі ауылдарына 493,7 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылы облыстық бюджет есебінен Бесарық елді мекеніне кіре-беріс жолдағы «Жаңадария» каналына көпір салуға 239,4 млн. теңге, Іңқәрдария елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеуге 291 млн. теңге және Тереңөзек кенті, Қоғалыкөл, Жетікөл, Айдарлы елді мекендерінің 16 көшесін орташа жөндеуге 200,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
Аудандық бюджет есебінен Тереңөзек кентінің 10 көшесін орташа жөндеуге 61,0 млн. теңге, А.Тоқмағанбетов ауылындағы 2 көшені орташа жөндеуге 51,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, Тереңөзек кенті бойынша 3 көшенің жол құрылысына және 8 көшені орташа жөндеуден өткізуге жоба-сметалық құжат дайындауға 15,2 млн теңге қаржы бөлінді.
2017 жылы 12 елді мекенге трансформатор орнатуға 50,4 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыс жүргізілуде.
Облыстық бюджет есебінен Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртуға 30,0 млн. теңге қаржы бөлінген.
Үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен Ақжарма елді мекенінде спорттық кешеннің құрылысына 50,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жұмыспен қамту.

Елімізде әлеуметтік көмектің негізгі түрлері мүгедектерді әлеуметтік қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Әр отбасының табысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсартудың негізі — тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.
2017 жылы 710 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 2017 жылдың 1 қыркүйегіне 604 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жыл басынан бері 120 мекемеден 133 бос жұмыс орындарына сұраныстар беріліп, 8 рет жәрменке өткізілді. Жәрменкеге 244 жұмыссыз азаматтар қатысып, жәрмеңке қорытындысымен 133 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
2017 жылдың 1 қыркүйекке аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына 1442 адам хабарласып, 581 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды.
БИЛІК 04 қазан 2017 г. 95 0